Президент • 09 Қыркүйек, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрді қабылдады

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновты қабылдады. Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрді қабылдады

Фото: Ақорда

Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды.

Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.