Қоғам • 09 Қыркүйек, 2024

Президент Қазақстанның Ауғанстандағы елшісін қызметінен босатты

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның Ауғанстандағы елшісін қызметінен босатты

Фото:gov.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», делінген ресми хабарламада.

Әлімхан Есенгелдиев 1962 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Жас кезінде бригадир, инженер болып жұмыс істеген. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде жұмыс істей бастады. 1997 жылы ол Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде бірінші хатшы болды.

Ғылым комитетінде, Дін істері агенттігінде де жұмыс істеген. 2018 жылдан бастап Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі қызметін атқарды.