Оқиға • Бүгін, 14:51

Актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден өтті

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Құрмет» орденінің иегері, белгілі актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Актер Үсіпхан Сейтімбет өмірден өтті

Фото: Видеоскрин

Үсіпхан Сейтімбет 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Келес ауданының Игілік ауылында дүниеге келді. Республикалық Эстрада-өнер студиясын 1979 жылы тәмамдап, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданған. 1983 жылы Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түскен.

М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына 1999 жылы қабылданған ол М.Әуезовтің «Абайында» Нарымбет пен Долговты, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Баронды, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» жүргізушіні және тағы да басқа рөлдерді сомдаған. Әншілік өнерді де жанына серік еткен.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан.

Үсіпхан Сейтімбет «Құрмет» орденінің иегері (2019 жылы). Одан бөлек «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің (2016 жылы) және «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері (2018 жылы).