Қоғам • 12 Қыркүйек, 2024

Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл сайын адам саудасына қатысты 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда адам саудасы тыйылмай тұр

Фото: ОКҚ

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаеваның айтуынша, ІІМ құрылымында адам саудасына қарсы күрес бөлімшелері жұмыс істейді, жыл сайын 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады.

«Осы жылдың өткен кезеңінде 134 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде: адам ағзасының мүшелерін саудалағаны үшін – 15 іс; адамды қанау мақсатында ұрлағаны үшін – 2; қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін – 3; адам саудасы үшін – 15; кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 12; кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін – 3; жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін – 7; притон ұйымдастырғаны және жеңгетайлық жасағаны үшін – 77», деді спикер Ш.Көшербаева.