14 Маусым, 2015

Экс-футболшы Каладзе тілсіз жаумен күресте белсенділік танытты (фото)

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-06-2015-kaladze 05АСТАНА. 14 маусым. Өткен түнде Грузия астанасы – Тбилиси қаласында жойқын су тасқыны болды. Апаттың салдарын жою жұмыстарына аты аңызға айналған футболшы, бүгінде Грузияның вице-премьері, сондай-ақ, энергетика және табиғи ресурстар министрі Каха Каладзе де белсене қатысуда. Бұл туралы tribuna.com хабарлады. Елдің Қаржы министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдай салдарынан 18 миллион доллар шығын келген. Ең өкініштісі, нөсер жауыннан кейін орын алған апаттан 12 адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты Грузия билігі 15 маусымды қаралы күн деп жариялады. Каха Каладзе Киевтің «Динамосы» (1998-2000 жж.) мен «Милан» (Италия, 2001-2010 жж.) футбол командаларында жасындай жарқылдаған даңқты футболшы. 2012 жылы үлкен спортпен қоштасқан ол саясатқа араласып, ел билігінің бір тұтқасын ұстады. Содан бері Отанына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: tribuna.com. 14-06-2015-kaladze 01 14-06-2015-kaladze 02 14-06-2015-kaladze 03 14-06-2015-kaladze 04
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20