15 Маусым, 2015

Павлодарда «Қазпошта» жаңа қызмет түрін іске қосты (фото)

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-06-2015-pavlodar 02ПАВЛОДАР. 15 маусым. Павлодар облысында «Қазпошта» акционерлік қоғамы ауыл-аймаққа дәрі-дәрмек жеткізу қызметін іске қосты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашында бұл қызмет түрі сынақ ретінде жүзеге асырылып келді. Енді міне, жоба аясында Павлодар ауданына жіберілген дәрі-дәрмекті ауылға облыстық филиалдың директоры Абылай Әбішев табыс етті. Ескере кетер  жайт, «Қазпошта» АҚ филиалдары нақты мерзімі жоқ, арнайы сақтауды қажет етпейтін, күнделікті қолданылатын қажетті тауарларды ғана тасымалдайды. Компания келешекте өнім өндірушілер мен ауыл тұрғындары үшін ең қажет тауар түрлерін жеткізуді жоспарлауда. Кәсіпорынның елімізде тіркеуден өтпеген, пошта ережесінде тыйым салынған заттардан басқа дәрі-дәрмектерді жеткізуге лицензиясы бар. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 15-06-2015-pavlodar 01 15-06-2015-pavlodar 03