Спорт • Бүгін, 18:20

Сметовке, Қызайбайға, ағайынды Оралбайларға кәсіпкерлер тағы көлік мінгізді

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасына қатысып, медаль алған спортшыларға кәсіпкерлер - Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау қымбат көлік мінгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сметовке, Қызайбайға, ағайынды Оралбайларға кәсіпкерлер тағы көлік мінгізді

t.me/kozachkow

Көлік мінгендер арасында дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, бокстан күміс медаль иеленген Нұрбек Оралбай, қола жүлдегер Назым Қызайбай және жүлдесіз қалған Айбек Оралбай бар.

Кәсіпкер Сырымбек Тау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында берілген көліктерді көрсетті. Нақтырақ айтқанда, Елдос Сметовке - Mercedes-Benz GLE, ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың әрқайсысына Toyota Pradо мінгізген. Ал Назым Қызайбайға Mini Cooper автокөлігі сыйға берілді.