Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жаңа Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелінің ашылуы Қазақстанның «DoingBusiness» Әлемдік банкі («Бизнесті жүргізудің жеңілдігі») рейтингіндегі 2015 жылғы жағдайына оң әсер етті. Бұл жөнінде Алматыда өткен Еуразия бизнес-форумында ӘБ «DoingBusiness» тобының («Бизнесті жүргізу-2015») баяндамашысы Ирина Белоцерковская хабарлады.
– «Бизнесті жүргізу-2015» баяндамасында біз 2013 жылдың маусымы мен 2014 жылдың маусымы ішінде 20 футтық контейнерлердің Қытай – Алматы аралығындағы транзиттік уақытын қысқартқан «халықаралық сауда» көрсеткішіндегі реформаны атап өттік. Бұған жаңа Қорғас өткізу нүктесінің ашылуы арқасында қол жетіп отыр. Қазақстан «халықаралық сауда» көрсеткішінде 186-орыннан 185-орынға көтерілді, – деді ол есеп беру барысында.
Әлемдік банктің өкілі «халықаралық сауда» көрсеткішін анықтағанда сарапшылар экспорт пен импорт үдерісіне әсер ететін әртүрлі құрамды бөліктерді, оның ішінде құжаттарды дайындауды, кедендік ресімдеуді, тасымалдауды және порттағы операцияларды (жүк теңізбен де тасымалдануы мүмкін) назарға алады деді.
– Қазақстан жағдайында Алматыдан Қытайдың Ляньюньгань,Чиндао порттарына дейінгі маршрут қарастырылды. Орталық Азия бойынша сұралған респонденттер жаңа Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелінің ашылуын оң бағалап, осыған байланысты экспорт пен импорттың өскенін атап өтті.
Бұл өткел контейнерлерді өзіне тарту арқылы Достық – Алашаңқай маршрутын жеңілдетіп қана қоймай жүк тасымалдау уақытын да қысқартып отыр. Нақтырақ айтқанда экспорт бойынша да, импорт бойынша да тасымалдау уақыты екі күнге азайды, – деді Белоцерковская.
Қорғасты Әлемдік Банк тобы халықаралық транзит үшін Орталық Азиядағы маңызды жоба деп есептейді.
«Егемен-ақпарат».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше