ОРАЛ. 14 маусым. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кеше облыс активінің жиынында өңір басшысы осы кезге дейін облыс әкімінің орынбасары болған Марат Кәрімовке атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа орынбасары Нариман Төреғалиевке сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Нариман Төреғалиев 1964 жылы сол кездегі Орал облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында туған. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс ииститутын, 2004 жылы Қазақ қоғамдық университетін бітірген. Мамандығы – инженер-экономист, заңгер.
Еңбек жолын бұрынғы Ақжайық ауданының «Есенсай» кеңшарында 1981 жылы жұмысшы болып бастаған. Ал осыған дейін, яғни, 2012 жылдан бері Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарды.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 14 Маусым, 2015
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше