АСТАНА. 15 маусым. Польшаның Вроцлав қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Надежда Ногай чемпион атанды. Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
+75 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Надежда жұлқа көтеруде 125 кило зілтемірді бағындырды. Ал серпе көтеруде отандасымыз 150 кило тартатын штанганы ырқына көндірді. Нәтижесінде ол қос жаттығу қорытындысы бойынша 275 киломен жеңімпаз атанды.
Екінші орын алған Тайланд елінің атлеті Дуанганксорн Чаиди 259 киломен шектелсе (113+146), қола жүлдегер атанған Тунис спортшысы Йосра Дибтің көрсеткіші – 251 кг. (111+140).
Надежда Ногайдың жеңісі туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни: «Біз Надяның күш-қуатына сенгендіктен, одан көп нәрсе талап еттік. Қарсыласынан 16 кг.-ға озып кету ол үшін түк емес. Надежданың мүмкіндігі бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге жетеді», – деді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Сурет. sports.kz.
• 15 Маусым, 2015
Отандасымыз Надежда Ногай – ауыр атлетикадан әлем чемпионы!

Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше