Фото: «Amanat» Телеграм
«Amanat» партиясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған кездесуде «Атом электр станциясының құрылысы» ядролық мамандарды және ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларды, құрылысшыларды, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді тартуды талап ететіндігі талқыланды. Бұл дегеніміз – сауда, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салаларда қызмет көрсететін жергілікті бизнестің дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бәсекелік артықшылығымызды пайдалануымыз керектігін айтты.
«Қазақстан – уран өндірісі бойынша көшбасшы мемлекет. Елімізде Үлбі металлургия зауыты, Ядролық физика институты, Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Онда тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Яғни, елімізде барлық мүмкіндік пен ресурс бар. Сондықтан, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – өте маңызды», деді М.Әшімбаев.