Президент • 17 Қыркүйек, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көршілес халықтар бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ГФР Канцлері Олаф Шольц келіссөздер барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, Украина төңірегіндегі жағдайға назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Көршілес халықтар  бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек

фото: aqorda

Президент көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшіліктің маңызы зор екенін айтты.

-Мемлекет басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек.

Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді.

Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр, – деді Қазақстан Президенті.