Спорт • 18 Қыркүйек, 2024

Ризабек Айтмұхан тағы бір әлемдік додада белдеседі

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Olympic.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ризабек Айтмұхан тағы бір әлемдік додада белдеседі

Olympic.kz

Былтыр 18 қыркүйекте еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан спорт тарихында алғашқы алтын медальды жеңіп алған Ризабек Айтмұхан жуырда 20 жасқа дейінгілер арасында Испанияда өткен U20 әлемдік біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған. Ол - әлемнің екі дүркін чемпионы. 

Еркін күрестен Ризабек Айтмұхан бастаған Қазақстан командасы: 

57 келі: Алан Оралбек;

61 келі: Әділет Әлмұхамедов;

65 келі: Бекзат Ермекбай;

70 келі: Ернұр Нұрғазы;

74 келі: Әлі анықталып жатыр;

79 келі: Жеңіс Қаныбеков;

86 келі: Нұржан Исағалиев;

92 келі: Бекзат Аманғалиев;

97 келі: Ризабек Айтмұхан;

125 келі: Омархан Надиров.

Айта кетсек, 21-27 қазанда Албанияның Тирана қаласында өтетін U23 әлем чемпионатына 23 жасқа дейінгілер арасында еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресі бойынша Қазақстан командасы толық құрамда қатысатыны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше