15 Маусым, 2015

Екібастұзда қала күні аталып өтті (фото)

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-06-2015-Ekibastuz 05ПАВЛОДАР. 12 маусым. Екібастұзда қала күні кең көлемде тойланды. Мереке аясында тұрғындар жергілікті өнер ұжымдары ұйымдастырған «Менің қаламның бояулары» атты ойын-сауық бағдарламасын тамашалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Өнер» қалалық мәдениет орталығында өткен шарада «Улыбка» ҮХА, «До ми соль» вокалды тобы, «Тұмар» ішекті аспаптар ансамблі және «Серпантин» спорт клубы өнер көрсетті. Сондай-ақ, ең жас көрермендер үшін «Менің сүйікті қалам» атты асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды. 1957 жылы бой көтерген Екібастұзда қазір 150 мыңнан аса халық тұрады. Қала аумағына қарасты 30 ауылда тек 9,4 мың тұрғын қалды. Облыс орталығынан 144 шақырым жерде орналасқан елді мекеннің экономикасын негізінен ауыр өнеркәсіп құрайды. Екібастұздықтар әлемге аты мәлім қаламыз бар деп мақтан етеді. Мерекелік кеш барысында хип-хоп және брейк-данс бойынша «BREIK PARTY» батлы өтті. Бишілер «Junior 3x3», «Kids 1x1» және «В girl» номинациялары бойынша жарысты. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. 15-06-2015-Ekibastuz 01 15-06-2015-Ekibastuz 02 15-06-2015-Ekibastuz 03 15-06-2015-Ekibastuz 04