Фото: Polisia.kz
Барымташылар мал қараусыз жайылатын жерлерде оларды сойып, еттерін көліктің жүксалғышына тиеп алып кетіп отырған, барлық мал ұрлықтары аталған бір схемамен іске асырылған.
Облыстық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше Жамбыл ауданы аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыстар жүргізілген, олардың 3 мал ұрлығына қатысы бары анықталған. Уақытша ұстау изоляторына қамалған күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.