Табиғат • 20 Қыркүйек, 2024

Бурабайда 640 келіден астам балық аулаған браконьерлер ұсталды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қыркүйекте «Бурабай» ұлттық паркінің инспекторлары Жөкей көлінен заңсыз балық аулаған браконьерлерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz

 

Бурабайда 640 келіден астам балық аулаған браконьерлер ұсталды

Фотолар: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі

Браконьерлер инспекторлық рейд кезінде ұсталған. Олардан барлығы 640,3 келі балық тәркіленді, оның 631,6 келісі - сазан болса, 8,7 келісі - табан балық.

«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметінің мәлім етуінше, елордалық тұрғындар «Темнобор» орманшылығының ерекше қорғалатын табиғи аумағында көлге ау салған. Залал сомасы 9 132 827 теңгені құраған. Құқық бұзушылық материалдары Біржан сал ауданының полиция бөліміне берілген.

Бурабай МҰТП

Айта кетейік, аталған парктің дирекциясы көлдердің жағасында Smart National Park Burabay ақылды бейнебақылау жүйелерін орната бастаған. Жыл соңына дейін камералар толық орнатылмақ. Бұл – су айдынындағы жағдайды тиімді бақылауға және браконьерлік фактілерін жедел түрде тоқтатуға мүмкіндік береді. 

«Көлдерде заманауи бейнебақылау технологияларын енгізу жартастарды бүлдіретін, қоқыс тастайтындарға да тосқауыл болады деп үміттенеміз», дейді «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков.

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше