28 Сәуір, 2015

Н.Назарбаевтың тиімді мемлекеттілігі – XXI ғасырдың саяси эксклюзиві

480 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
1126 сәуірде өткен Қазақстандағы президенттік сайлау кең көлемді резонанс туғызды. Біздің еліміздегі ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлемдегі сай­лау үдерістері тарихында тұңғыш рет ұлттың бірлігі мен топтасқандығының талассыз фактісі сайлау­шы­лардың рекордтық белсенділігі мен Нұр­сұлтан Назарбаевты феноменальді бүкілха­лықтық қолдау болды. Сіздердің назарларыңызға көрнекті қазақ­стандық ғалымдар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел материалдарын ұсынып отырмыз. Сайлау-1 malibaevБағлан МАЙЛЫБАЕВ, заң ғылымдарының докторы. Бүкіл әлемде жаппай белгісіздік жайлап бара жатқан кезеңде Президент сайлауы қазақстандық жолдың жаңа белесін бастап беретін өзіндік бір меридианға айналды. Президент сайлауы қай кезде де ұлттың тарихи тұрғыдан өзін өзі айқындауының жауапты сәті. Сайлаушылардың дауыс беруге тәуел­­сіздік тарихындағы ең рекордтық қатысуы қазақстандықтардың саяси мәдениетінің биік деңгейінің, Отан тағдырына патриот­тықпен қарауының айғағына айналды. Бұл классикалық саясаттану және құқықтану тұрғысынан қарағанда халықтың ерік-жігерін білдірудің актісі ғана болған жоқ. Сайлау қазақстандық даму жолы­ның сапалық айқындалуының терең мағынасын танытты, Нұрсұлтан Назар­баев жүргізіп отырған бағытты қоғам­дық қолдаудың аса биік деңгейі оның түйінді индикаторы болды. Өйткені, бүкіл тетіктің үздіксіз айналуына қажет­ті негізгі иінтіректің беріктігі мен мығым­дылығына көз жеткізу үшін орнықты және тиімді қозғалыстың өзі осындай «қайта жүктеулерді» қажет етеді. Бұл жолғы «қайта жүктеу» қоғамның сұранысы бойынша жүзеге асырылды, оған жаһандық бүліну мен әлемдік жүйе таттануының тұсындағы тұрақтылыққа деген шынайы ұмтылыс себепкер болды. Осы арқылы халық Елбасына тіпті ең қиын кезеңдердің өзінде бүкіл тұтас ұлт түгелдей тар жол, тайғақ кешуді бір­ге жүріп өтетінін бірауыздан айта алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет құрудағы стратегиясы – тиімді мем­­­ле­кет­­­­тілікті бір-бірімен байланысты, өзара үй­ле­сім­ді, жолға қойылған жүйе ретінде түзу. Бұл стратегияның түйінді алты құрамдас бөлігі бар. Бірінші құрамдас бөлігі – Елбасы  феномені. Экономикалық және геосаяси тұрғыдан толыққанды Тәуелсіздікке ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткенін біздің бәріміз де түсінеміз. Оны Уақыттың өзі таңдады. Оның бойынан өзінің туған халқын, елінің  тарихын, арман-аңсарын, бойындағы ұлы қуатын танып-білген аса көрнекті және батыл Көшбасшыны көрген халық сол таңдауға тоқтады. Бұл феномен құбылыстан тұтас ұлттың жасампаздық рухы және оның Тәуелсіздік туралы санғасырлық арман-тілектерінің орындалуы танылады. Тиімді мемлекеттілік, бәрінен бұрын, халықтың сеніміне және қоғамның тас-түйін жұмылуына негізделеді, мұның өзі әр сайлау сайын толықтай электораттық қолдаудан көрініп келеді. Екінші құрамдас бөлік – стра­тегиялық жоспарлау мен мемлекеттік менеджменттің дара стилі. Президенттің саяси ерік-жігерінің арқасында біз «сүрініп-қабынбадық», «табандап тұрып қалмадық», «бір жерді шиырлай бермедік», мынау жа­һанданған әлемде өзімізді де, өзіміздің біртектілігімізді де дәл таба алдық. Мемлекет басшысы қай кезде де дәйекті түрде алға жылжуды мағынасыз адасудан ажырата білді, біздің «қайдан» келе жатқанымызды, «қайда» бара жат­қа­нымызды, неден «кетуге», неге «же­туге» ұмтылатынымызды айқын анықтады. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назар­баев­­тың бұл сипаты ХХІ ғасырдағы дамудың ірге­лі бағыттарының өзара ұқсасуына айнал­ған «Қазақстан-2050» Стратегиясынан көрініс тапқан. 2050 Стратегиясын ұсына отырып, Елбасы жеңіл-желпі prosperity – уақытша және сенімсіз өркендеуден қауіпсіздендірді. Елбасы біртұтас ұлтты әлемдегі ең қуатты экономикалар мен табысты қоғамдардың таңдаулы отыздығына кіруге бағыттап отыр. Үшінші құрамдас бөлік – құры­лым­дық реформаларды жүзеге асыру жолымен индустриялық-инновациялық экономика қалыптастыруға, ғылыми-технологиялық базаны дамытуға, инновацияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған орнықты дамудың қазақстандық экономикалық төл тұжырымдамасын жасау. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды артта қалған елден экономикалық жаңғырудың жолбасшысына айналдырды. Тақыр жерден нағыз осы заманғы мемлекет құрып шықты. Бұл модель әлемдік әртүрлі эконо­микалық және қаржы дағдарыстарына төтеп берді. Жан бағудың жан ауыртар мектебінен өте отырып, Қазақстан ең бір қиын кедергілерді еңсеру қабілетін шыңдады, өзінің қорғаныш тетіктерін қа­лыптастырып, сынақтан өткізді, сон­дық­тан да кез келген сыртқы эконо­мика­лық соққыларға төтеп беруге дайын тұр. «Нұрлы Жол» бағдарламасы өз бойына осы кешенді түгел біріктірген. Біз үшін әлемдік экономикалық жүйенің тұрақсыздығы жағдайындағы «capacity» осы, біздің ішкі экономикалық қуатымыз да осы. Төртінші құрамдас бөлік – Баршаға ортақ Еңбек Қоғамын, жасампаз сипат­тағы әлеуметтік құрылымды қалып­тастыруға, азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға және өмір сапасының жоғары үлгі-қалыптарына ұмтылуға бағыт­талған әлеуметтік дамудың қазақстандық жолы. Президент мемлекет атаулы әлеу­мет­­­тік көмекті оған шын мәнінде мұқтаж адам­дарға ғана көрсетуге тиіс деген көз­қа­расты сенімді жақтаушы болып табылады. Барша жұрт үшін белсенді еңбек етуге қажетті толыққанды жағдай жасалады. Солай еткенде ғана азаматтардың өзінің тағдыры және Отанның тағдыры үшін жауапкершілігі арта түседі. Бәсекелестік буып тұрған әлемде өмір сүретін қоғам менталитетін қайтадан қалыптастырып шығудың бүкіл мәні осыған келіп тіреледі. Бесінші құрамдас бөлік – этнос­аралық және конфессияаралық келісімнің бүкіл әлемде ұқсастығы жоқ қайталанбас формуласы. Бұл формула Елбасының саяси да­налығының арқасында дүниеге келген. Мемлекет пен социумның «атомдарын» реттестіру үшін Қазақстанға өзінің «тірек нүктелері», өзінің «ұстатқышы», өзі­­нің «кристалл құрылымы» қажет болды. Нұрсұлтан Назарбаев қуатты ішкі иммунитеті бар сондай жүйені жасап шықпаққа бекінді. Оның институцияланған көрінісі Қазақстан халқы Ассамблеясы болды. Бұл – әлеуметтік инновация, мәде­ниеттер, тілдер мен дәстүрлер синтезінің үйлесімді түрде құлаш жаюы. Ассамблеяның арқасында Тәуел­сіздік жылдарында біртұтас ұлттың геномы бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен мәдени-діни тағаттылықтың беркітуші құндылықтарымен байи түсті деп сеніммен айтуға болады. Сонымен бірге, ХХІ ғасырдағы та­бысты мемлекеттің заңдарына сәйкес тіпті аса қуатты экономиканың өзі адамдарды біріктіріп тұратын рухани идеясыз дами алмайды. Адамдардың әртүрлі топтарының арасындағы опырылғыштардың бәрін бойына сақтай беретін ыдырағыш қоғамның ауқымды міндеттердің үдесінен шыға алуы неғайбыл. Сондықтан да, Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық ­идеясын ұсынды. Бұл идея Қазақстанның біртұтас хал­қының отаншылдық санасы мен мінез-құл­қы­ның инновациялық ұяқ­алыбына айнал­ған арқаулық кұндылықтар кешенін құрайды. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың біздің Отанымыздың тағдыры мен мәңгі өркендеуі үшін қашанда жауапты болуының ділдік өзегі қалыптастырылды. Мәңгілік Ел ұғымының бойына барша қазақстандықтар үшін ортақ Отанға айналған біздің жеріміздің ұлы өткен тарихы, лайықты бүгінгі күні мен ғажайып болашағы тоғысқан. Алтыншы құрамдас бөлік – тиімді сыртқы саяси доктрина. Қазақстан Президенті әлемдік тренд­тердің сарындары мен бағыттарын нәзік сезінеді. Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдағы жаһан­данған әлемнің тәуекелдер шоғырын жинақталған түрде «дықпен», «дікпен» бітетін төрт ұғыммен сипаттауға болады, олар – тұрақсыздық, болжамсыздық, дүдәмалдық, қатершілдік. Сондықтан да біздің қоғамымызда, бүкіл әлемдегі сияқты, мұндай қатер­лерді «болдырмау мәдениетін» тұтастай қалыптастыруға деген сұраныс анағұрлым арта түсті. Осынау жаңаша «бейбітшілік ғы­лымының» негізін Мемлекет бас­шы­сы­ның қуатты идеясы – G-GLOBAL құрай­ды, ол идея әлемдік қоғамдастықта бар­ған сайын көп жақтастар тауып келеді. Бұл – Қазақстан Президентінің сыртқы саяси доктринасының шоқтығы. Осылайша, Елбасының тиімді мем­лекеттілік идеясының эволюциясы мен Қазақстанның дамуының нақты нәтижелері Нұрсұлтан Назарбаев Дәуірінің қуаты мен әлеуетін нақпа-нақ түсінуге мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаев әспеттеп отырған тиімді мемлекеттілік – оның ХХІ ғасырдағы саяси эксклюзиві. Міне, сондықтан да Елбасымыз елді алға жылжытатын қуатты локомотивке айналуға тиісті бес халықтық реформаны ұсынды. Қазіргідей жаһанданған әлемдегі бұлдыр сұлбалардың аясында біз, қазақ­стандықтар, дамудың жаңа белесіне аяқ бастық, бұл белесте қазақстандық табыстың баламасы күшті мемлекеттіліктің, қуатты Елбасы мен біртұтас ұлттың құрыштай  құймасы болып отыр. МырзатайМырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, жазушы, ғалым. Жаһандық рыноктардағы теріс көр­сеткіштер, экономикалық және қаржы байланыстарының бұзылуы, гео­саяси қысымның ушығуы мен халық­аралық қатынастардың күрделенуі жағдайындағы жаңа сын-қатерлер уақыты төбеден төніп тұр. Осының бәрін нақты түсіне отырып, біздің халқымыз Қазақстанның Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шы­­лығымен әлемдегі аса тез дамып келе жатқан мемлекеттер тұғырына шы­ғуы­на мүмкіндік берген тұрақты про­грес­тің бір ғана дұрыс жолын таңдай білді. Бұл – қазақстандықтардың барынша көп бөлігі қатысқан дауыс беру тарихындағы аса жарқын күн. Халықаралық сарапшылар қо­ғам­дас­тығы қазірдің өзінде Қазақ­стан­да­ғы сайлау-2015 әлемдік электо­раттық үде­рістер тарихына енетінін айтып отыр. Әлем біздегі сайлауды демо­кра­тия­ның салтанат құруы ретінде бағалады. Ал кеңестік державаның қиран­дыларынан пайда болған мемлекеттің өз қолы өз аузына жететініне сенгендер тіпті де көп емес еді. Бірақ жылдар өте жедел күш ала түскен жас өркендеуші еуразиялық мемлекет өзіне жоғары назар аударуға мәжбүрледі. Қазақстанның болашақтың еліне ғажайып ауысуы туралы шетелдік сарап­шылар мен журналистер небір келіс­ті кітаптар мен тамаша мақалалар жазуда. Әлемдегі саяси элита өзгерістерге батыл бастамашылық жасап, түбегейлі реформалар жүргізген заманымыздың аса көрнекті саяси қайраткері ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа жиі-жиі шынайы құрметін көрсетіп келеді. Оны планетарлық ауқымдағы көшбасшы-реформаторлар – Джордж Вашингтонмен, Махатма Гандимен, Мұстафа Кемалмен, Шарль де Голльмен, Ли Куан Юмен бір қатарға қояды. Халықаралық оқымыстылар қазақ­стандық ғажайыптың кодын табуға, біздің мемлекетіміздің дамуына ғылыми негіздеме беруге ұмтылып отыр. Осы орайда, ғылыми айналымда «Назарбаев моделі» деген түсінік пайда болды және берік орнығып үлгерді. Жалпылай алғанда, ол болашаққа ұмтылған қуатты мемлекет, ХХІ ғасыр­дағы күшті Қазақстан ретінде сипатталады. Сайлаудың мемлекет тарихындағы екі ұлы мерейтойлық оқиғалар – қазақ­стандықтар үшін ерекше жыл ішінде өтуінің терең нышандық мәні бар. Өйткені, олар «Назарбаев моделін» сапалық тұрғыдан бағалау үшін салмақты негіз қызметін атқарады. Мұндай көзқарас өткен жылдар биігінен толыққанды қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді. Біріншіден, біздің алдымызда мемлекеттің ең басты атрибуттарының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу тұр. Қазақстан тыныс-тіршілігінің тек құқықтық базисі ғана нақты жазылып қоймай, сондай-ақ, қуатты мемлекет құрудың басы болып табылған және ішкі құрылғылардың шешуші элементтері бекітілген Негізгі Заң 1995 жылы қабылданды. Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан халқы күшті президенттік биліктің жолын таңдап алса, ол тұрақты және орнықты дамудың 20 жылдық сипатын айқындап берді. Мемлекеттік бағыттың дәл де жос­парлы негізі осыдан тамыр тартып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев қашанда өз елі болашағының тұжырымдамалық бағытын айқын көреді. Болашақты ойлайтын себебі, Қазақстан жеңістерінің көп болғанын қалайды. Президенттің стратегиялары мен бағдарламалары – кең ауқымды жал­пыұлттық жобалар, ұзақ мерзімді табыстардың мақсатты матрицалары, серпінді бастамалар, экономика мен Қазақстан қоғамын жаңғыртудың ғылыми негізделген нақты жоспарлары. Қазақстан – нақты жасалған идеологиясы бар әлемдегі бірден-бір ел. Әрбір стратегиялық құжат Қазақ­стан Көшбасшысының саяси филосо­фиясының, оның инновациялық көз­қа­рас­тарының, жалпыәлемдік трендтер­ мен болашақ жаһандық үрдістерді те­рең­­нен түсінудің арқауы болып табылады. Осындай жауһар – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Бұл – Қазақстанның күрделі ғасырдағы жаңа таңдауы, өзінің орнын жаңаша салмақтауы. Екіншіден, 2015 жыл толығымен көпұлтты қоғам қызметінің тетігін бекітуші болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы туы астында өтеді. Бүкіл әлем үшін ол қоғамдық тұрақ­тылықтың үлгісіне, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың мысалына айналды. Қазақстан тәжірибесі – орнықты өсімнің тірегі мен әрі қарайғы жасампаз істердің кепілі болып отырған бейбітшілік, келісім, бірлік. Осы құндылықтар Тәуелсіздікпен бір қатарда тұрған, Мемлекет басшысы бастамашылық танытқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен астасып жатыр. Осылайша, Қазақстанның даму жолы мен Тұңғыш Президенттің рөлін ғылыми теориялық-методологиялық ой елегінен өткізу үшін шешуші бағдар болып табылатын көпқырлы «Назарбаев моделінің» екі арқауы айқын көрінеді. Алайда, ең бастысы – олар жас мем­лекеттің күші неде екені және қазақ­стандықтардың қозғалыс траекториясы не себепті өзгеріссіз қалып келе жатқаны туралы толық түсінік қалыптастырады. ХХІ ғасырды ғалымдар өркениеттер жанжалы мен тұрақсыздықтар секірісі уақыты деп атайды. Халықаралық қатынастардың құры­лымы мен жаһандық экономикалық жүйе әлемдік құрылыстың қақ ортасын іштен мүжіп, антагонизм мен біржақты мүдделерді жедел тот бастырып келе жатқаны кездейсоқтық емес. Бізге сыртқы факторлардың ықпа­лы­нан ағымдағы табыстарды сақтап қалу оңай емес, бірақ нәтижелерді бас­қа­ру­ды үй­реніп, үлкен жетістіктерге жету үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіру керек. Сондықтан біздің алдымызда бес халықтық реформаны жүзеге асыруға кірісу міндеті тұр. абишӘбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы. 26 сәуірде Президент сайлауы өтті. Онда Қазақстанның халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне жұдырықтай жұмылып, тығыз топтасып, оған бір кісідей дауыс берді. Сол арқылы олар баянды бейбітшілік, әлеуметтік орнықтылық, тұрақты даму мен қауіпсіздік жолын таңдады. Бұндай бірауыздылық пен аса жоғары электораттық белсенділіктің арғы жағында қазіргідей дағдарыс үстіндегі дүниеде Елбасымыздың көреген саясаты арқасында бірлігіміз нығайып, бейбітшілік пен татулықтың ең басты құндылықтарымызға айналғаны айқын көрінеді. Үлкен өзгерістерді абыржымай қарсы алып, келелі тарихи сынақтарға тапжылмай төтеп бере алу үшін құрыштай мығым ынтымақты қоғам керек. Тек ішкі тұтастығы мен бірлігі жарасқан ұлттар ғана уақыт тезіне төтеп бере алмақшы. Тәуелсіздік жылдарында бастан кешкендерімізді өз жүрегімізден өткізіп, ортақ қуаныштарымызды саралай салмақтап, бір-бірімізді байсалды бағалай білуді үйрендік. Қазақстанның осынша гүлденуінің сыры неде? Қазақстандық жолымыздың астарына тереңірек үңілсек, Ұлт жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған кемел саясаттың төрт түрлі қырын байқар едік. Біріншісі –  Стратегиямыз. Осы заманғы дүниеде стратегиялық бағыт-бағдарсыз, ұзақ мерзімдік бағдарламасыз бір күн де өмір сүруге болмайтыны көптен белгілі. Біздің дәуіріміз – аса ауыр, әрі күрделі міндеттерді жүзеге асыру кезеңі. Дер кезінде жасалмаған бір қадам бүкіл үдерісті кейін тартуы ықтимал.  Мұндай аса тездетілген өзгерістер заманында Елбасымыз мемлекетімізді алға бастыру үшін сағат сайын аса маңызды шешімдер қабылдайды. Келешек жоспарларымыздың көкжиегін үздіксіз кеңейтіп, күнделікті қойылар талапшылдықты ұдайы биіктете түсуде. Нұрсұлтан Назарбаев сомдаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатында талай өткелектерден өткен туған халқымыздың көпғасырлық арман-мүдделері негізге алынған. Олар ауылдарымыз бен қалаларымыздың инфрақұрылымдарын жақсартуды, білім мен денсаулықты қорғауды, дамытуды, адамдардың бойындағы жасампаздық рухты арттыруды, жастарды еңбек пен саламатты өмір салтына жаппай бет бұрғызуды көздейді. Дамудың алдыңғы шебіне инновациялық жобалар, креативті шешімдер, заманауи экономиканы шығару қамдалады. Екіншісі – жетістіктеріміз. Қазіргі дүниеде Қазақстанның алға басқан табыстары әркімге аян. Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік еткен жылдары еліміз адам танымас­тай болып, түбегейлі өзгерді. Ұлан-байтақ егінжайларымыз бен алыстағы фермаларымыздың өздері адам танымастай болып, техникалық жағынан қайта қаруланды. Қалаларымыздағы жаңа салынып бітіп жатқан сәулетті үйлерімізден белуардан балшыққа   батқан кешегі көшелерді көре алмайсыз. Айлық жалақымыз 27 есе, қазақ­стандықтардың жылдық табысы – 12 есе өскені талай нәрседен хабар бере алады. Бұл қарқынды баяулатып алмау, қайта ұлғайта беру – Қазақстанның жасампаздық бейнесін одан сайын жақсарта түсетіні белгілі. Жасампаз Қазақстанның бүгінгі қарқынына сәулетті Астанамыз, алда тұрған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі даусыз айғақ бола алады. Үшіншісі – тарихилық. Ғасырлар басы түрен тимеген ежелгі тарихымызға бүкіл ел болып назар аудара бастадық. Көпғасырлық өткен жолымызды ой елегінен өткізуге ғалымдарымыз енді-енді кірісті. Қазақ хандығының алдымызда тұрған 550 жылдығы – бұл бағыттағы шешуші бетбұрыс болса керек. Оның үстіне, біздің еліміз тарихи үдерістерді күнбе-күн өз басынан өткеріп жатыр. Тәуелсіздіктің әр жылы, әр айы, әр күні, әр сағаты үлкен тарихи мәнге ие. Біздің көз алдымызда тарихи оқиғалар өрістеп, тарихи тұлғалар сомдалуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзіміз атқарып жатқан ұлы істерге тарих көзімен үңіліп, ертеңгі жеткіншек ұрпақ үшін зерделей білуге үзбей шақырып келеді. Тарих – шексіз құнды тәжірибеміз, үзбей дамуымыздың өлшемі, болашағымыздың іргетасы. Біз бүгін өткенімізге терең бойлап, тарих архитектоникасының кез келген үзігінен жалпы адамзаттық дамуда қандай орын иеленгенімізді айқын көре аламыз. Сол призма арқылы қандай ұзақ жолдан өткенімізді, бұған қалай және қанша жүріп жеткенімізді, ертеңгі Қазақстанның қандай биіктерге самғай аларын анықтай аламыз. Мемлекет басшысы біздің ежелгі тарихымызды шаң басуына жол бермей, ұдайы зерттей, зерделей түсуге шақырып келеді. Соның арқасында ғасырлар шежіресіндегі ежелгі сүрлеулер мүлде ұмыт болып қалмай, баяғы алты айлық алыс керуен жолдары жаңа автомагистральдар мен жедел қозғалыстағы теміржолдарға айналуда. Қазақстанда кейінгі төрт жыл ішінде 630 индустриялық жобаның іске қосылғанын айтсақ та жеткілікті. Енді біз тарих жинаған асыл қазынамыздың ең ақырына қол сала да аламыз. Мұндайда, ең алдымен, халық рухын ауызға аламыз. Халық рухы бабаларымыздың өмірлерін айшықтап, тағдырларын айқындады. Ендеше, бүгінде 17 миллион Қазақстан халқы тарихтың мыңдаған жылдарғы жадында қалған алтын тізбесін тізіп шығып, ел рухын өз игілігіне жарата білгені жөн. Сонда ғана ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастық мәңгілік өмір сүре алады. Елбасының  саясаты да сол сабақтастықтың айқын көрінісі болып табылады. Ол – өлмес-өшпес халық даналығының заңды жалғасы. Президент ойларының кемелділігі – халық кемеңгерлігінің сарқылмас өміршеңдігін дәлелдейді. Төртіншісі – мәңгілікке құштар­лығымыз. Нұрсұлтан Назарбаев бұл фило­со­­фиялық категорияны осы заманғы интел­­лек­туалдық сара бағытқа айналдырды. «Мәңгілік Ел» ұғымының өзінде Қазақстан халқының өлмес-өшпес өміршеңдігі тұр. Бұндай жалпы ұлттық идеяны ұсына отырып, Мемлекет басшысы Қазақстанның мәңгі құлпырып тұрғанын көргісі келеді. Өз өмірінің үлгісімен бүкіл Қазақстан ең бас­ты мұратқа – әрбір азамат тек адал еңбегімен ғана дәлелдей алатын Отан алдындағы адалдыққа бағыттауды армандайды. Президент өмірі – өз басына түскен қиындықтарды ел басына түскен ауыртпалықтарды еңсеруге айналдыратын шынайы күрес. Ол Мәңгілік Ел жолындағы қажырлы еңбек арқылы ғана арманына жете алады. Бүгінгі әлемдік өркениет өте маңызды өзгерістерді бастан кешуде. Ол жайындағы классикалық ұғымдар көз алдымызда тұрақсыздық танытуда. Жаһандық қаржы механизмдері көз алдымызда ырғақтылығынан айырылуда. Саяси құрылымдар тым шетін, тым әлжуаз. Дәстүрлі құндылықтар өз бағасын жоғалтуда. Ақылға сыймайтын кездейсоқтықтардан әлемдік тепе-теңдік бұзылуда. Біз осындай жағдайда жаңа жетіс­тіктерге жетпекпіз. Бірақ, қазақ­стан­дық­тар оптимизм мен энтузиазмге толы. Ғылым мен шығармашылық қауым­ды Ел мен Елбасы арақатынасы мық­тап толғандырады. Халық қолдауы – Елба­сының саяси ойшылдығы мен ұйым­дастырушылық шабытының қайнар көзі. Халық сенімі – Елбасы ұстанар қағидаттың ең бастысы. «Еліне қарап, Ерін таны, Еріне қарап, елін таны!» дегеніміз де, міне, осы. Ел мен Елбасы арасындағы түсіністік пен жарастық – барлық табысымыздың жарқын кепілі. Қазақстан халқы саяси орнықтылық пен тұрақты өмірдің рецептін біледі. Сыртқы қысымдарды, мейлінше қатал бәсекені, тағы да басқа жағымсыз әсер­лерді еңсере білу үшін іште ынтымақты, сыртта ықпалдастықты нығайта білген лазым. Елбасы жолы – Қазақстан дамуы­ның айрықша сара магистралі. Оның бойындағы ілгерілеудің бірден бір өлшемі – тұрақтылық. Сол арқылы болашаққа жоспарлар құрып, оны ойдағыдай орындай аламыз. Елбасының әрдайым еске салатыны: біз шыңның басына шыққанша әлі көп бар. Бос белбеу болмайық. Орта жолда қо­­жырап қалмайық. Жүзеге асырмақ бес халықтық реформаның көздейтіні де сол. Өне бойы қажыр-қайрат пен жігерге толы Қазақстан өз Көшбасшысымен бірге  XXI ғасырдың аса биік сатыларымен бір қадамнан соң бір қадам, бір күннен соң бір күн, бір жылдан соң бір жыл алға баса бермекші.  Мақсаттарына сөйтіп жетпекші. ОлжасОлжас СҮЛЕЙМЕНОВ, ақын, Халық жазушысы. Өткен президенттік сайлау Қазақстан жолының табыстылығын, тиімділігі мен сенімділігін кезекті мәрте жарқын түрде айғақтап берді. Бұл – жалпыға ортақ бірлік пен ын­тымақтың мерекесі ауанында өткен Отан тарихы ауқымындағы дәуірлік оқиға. Мемлекет басшысының сайлауы тек бүкілхалықтық сенім мен нығая түскен қоғамдық қолдаудың актісі ғана болып қойған жоқ. Олар жасампаздықтан қуат алған, ХХІ ғасырда тұрақты және орнықты дамудың идеясына өзара суарылған Көшбасшы мен Ұлт ара­сын­дағы үзілмейтін органикалық байла­нысты айғақтап берді. Қазақстан халқы Өткеннің бағасын, Бүгінгінің табысын және Болашақтың мүмкіндігін өлшеусіз нақты сезінеді. Нұрсұлтан Назарбаев кезіндегі перифериялық кеңестік республика­ның келбетін ырғақты дамып келе жатқан мемлекет және өсіп-өркендеген ­­за­манауи қоғамға өзгерте алды. Осы орайда, ол елді жаһандық экономикалық және ­геосаяси дауылдарға ұрындырмай алып өте алды. Біз әлемдік дағдарыстардың тайфундары көптеген жас елдерді тығырыққа тірегенінің куәгерлері болдық. Олардың кемелеріне су кірсе, кейбіреулері мүлдем аударылып қалды. Бірақ тек біздің мемлекет емес. Транзиттік кіріптарлықты еңсерген Қазақстан бүгінде орнықты бағыт ұста­нып, әлемдік мұхиттың асау толқын­да­рын сенімді түрде жарып өтетін қуатты заманауи лайнерге айналды. Қазақстан дамуының жаңа шебінде халық дауысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті ерлік ісінен көрінетін тамаша еңбегінің бағасы ретінде естілді. Бірінші – бұл Тәуелсіздік алу және нығайту. Егемен Қазақстан нақты уақыт­тың жедел режімінде тұрғызылды. Әлемнің геосаяси картасынан өзінің орнын алу үшін мемлекеттің берік ішкі қаңқасы жасалды. Өзінің барлық қыр­ларында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге негіз қалайтын барлық қажетті саяси, экономикалық, әлеуметтік институттар тізбегі түзілді. Тұңғыш Президент Тәуелсіз Қазақ­станның архитекторы деп танылып қана қоймай, оның символына айналды. Егемендікті заң тұрғысынан ресімдеу үдерісі жас мемлекет үшін үлкен маңызға ие болғаны сөзсіз. Бірақ Тәуелсіздікті шын мәнінде сезіну Қазақстан халқы өз бетінше Көшбасшысын таңдап, оған өзінің тағдырын сеніп тапсырған кезде ғана келді. Екінші – бұл нақты белгіленген стра­тегиялық болжау мен нақты жоспар­ланған даму. Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан ауыз­дан ақ май ағызамын деп уәде берген емес және алдына утопиялық, орындалмайтын мақсаттар қойған жоқ. Ол айқын, жүзеге асыруға болатын стратегиялар мен жоспарларды ұсын­ды. Сол жолмен Қазақстанды нақты жетіс­тіктері бар табысты болашаққа жетеледі. Елбасы ілгерілеткен «2050» Стра­те­гиясы елді дамытудың шешуші навигациялық жүйесі болды. Қазақстанда қозғалыстың нақты айқындалған бағыты бар. ХХІ ғасырда өз орнының нақты координаттары белгіленген. Бұл – әлемдік лиганың аса дамыған 30-дығына ену. Үшінші – бұл Қазақстандағы эконо­микалық прогресс. Тәуелсіздік жылдарында біз табысты және орнықты экономика құра отырып, қуатты секіріс жасадық. ІЖӨ-нің 20 есе өскені мен еліміздің осы негізде жан басына шаққандағы табыс деңгейі жоғары елдер қатарына енгенін айтсақ та жеткілікті. Халықаралық рейтингке сәйкес, Қа­зақстан жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік рейтингінде 50-ші орында нық тұр. Серпінді даму Нұрсұлтан Назар­баевтың: «Әуелі – экономика, содан кейін саясат» деген стратегиялық парадигмасына арқа сүйеу нәтижесінде мүмкін болды. Аталған феномен төңірегінде көптеген ғылыми айтыс-тартыс болғаны да жасырын емес. Бұл модель «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатымен кеңейе түсті. Мемлекет басшысы жаһандық эконо­микалық турбуленттілік пен ықтимал қаржылық катаклизмдерді алдын ала сезе отырып, кең ауқымды инфра­құрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа сапалық қадамдар жасады. Жаңа Экономикалық Саясаттың кереметтігі сонда, әр бағытты жүзеге асыру барынша үлкен мультипликативті тиімділік пен нақты әлеуметтік бағыт­тылықты көздейді. Төртінші – адам капиталы мен әлеуметтік қауіпсіздік. Қазақстанның ең басты жетістігі мен мақтанышы – бұл адамдардың әл-ауқатының артуы, өмір деңгейінің ырғақты жоғарылауы. Біздің Көшбасшымыздың даму мақсаттары пирамидасының биігінде қашанда Адам, оның мұң-мұқтаждары мен мүдделері тұрады. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір қазақстандықтың белсенді қатысуы нәтижесінде әлеуметтік жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» жасампаздық доктринасы іргелі негіз ретінде көрінеді. Бесінші – бұл жаңа қала – Қазақ­станның елордасы. Астана Елбасының төл туындысы және болашақ ұрпақ үшін салынатын бас қала. Бұл – ержету және толысу кезеңдерінен жедел өтіп келе жатқан оның сүйікті перзенті. Мен қалың романдарға, кейбіреулері повестерге, кішкентай әңгімелерге ұқсас қалалар бар екенін талай мәрте айтып келе­мін. Бірақ Астана ұлы поэ­ма іспетті. Бұл – Батыс пен Шығыстың архитектуралық стиль­дері мен мәде­ниетінің үйлесімі. Коло­ритті идея­лар мен батыл жобалардың ансам­блі. Әлемде бірде-бір астана осылайша жыл­дам әрі жарқын өсіп-өркендеген емес. Астана – қашанда жаңа жеңістерге жігерлендіретін бастау көзі болатынына сенімдімін. Алтыншы – бұл бейбітшілік пен келісім, бірлік және тұрақтылық. Бұл – біздің мемлекетіміздің негізінің негізі. Әлемнің көптеген елдеріндегі әлеу­меттік сілкіністер мен өсе түсіп отырған жаһандық тұрақсыздық жағдайларында Қазақстан орнықты және сенімді даму үстінде. Әлем этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің қазақ­стан­дық моделіне таң-тамаша қалып келеді. Оның бастамасымен құрылған Қа­зақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл бойы достықтың, толеранттылық пен барлық қазақстандық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін бірлесіп дамытудың идеясы көрініс тапқан қоғамды үйлестірудің арқаулық тетігі болып отыр. Біздің моделіміз барлық халықаралық қоғамдастықтан ең жоғары баға алды. БҰҰ-да табысты таныстырылып, әлемнің 60 тіліне аударылды. Ол Қазақстан дипломаттарының БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ сарапшыларымен 100-ден астам кездесуінің басты тақырыбы болды. Қазақстан қоғамының осы тамыр жайған құндылықтары Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан күшті және мәңгілік мемлекет – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына синтезделген. Жетінші – бұл әлемге танылу. Біздің Президентіміздің күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Қазақстан әлемдік өркениет жүйесінде лайықты орынға ие болды. Біз Қазақстаннан шыққан идеялардың бүкіл халықаралық қоғамдастық тарапынан қағып алынып кететінін шексіз мақтан тұта аламыз. Бүгінде еліміз өңірлік және жаһандық ауқымдағы маңызды бастамалардың бас­­тамашысы ретінде барлық әлемдік үде­­ріс­­терге белсене қатысады. Бұл Елба­сы­­­­мыз­ға планеталық танымал­дылық әкел­ді. Мемлекет басшысының сыртқы саяси сенімдері мен қағидаларының барлық философиясы G-GLOBAL жүйелік тұғырнамасына жинақталған. Бұл – қазірдің өзінде әлемнің 160-тан астам елінің өкілдері қатысатын, 200-ден астам сындарлы ұсыныстар мен ұсынымдамалар жинақталған теңдік пен паритетке негізделген көпқырлы өзара іс-қимылдың жаһандық пішімі. Бізге көрсетілген құрмет – АӨСШК, Еуразиялық экономикалық одақтың негізін қалаушы, ТМД, ШЫҰ-ның тең негізін қалаушы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің, ЭКСПО-2017-нің, тағы басқа көптеген жаһандық жобалардың ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назар­баевтың беделімен тікелей байланысты. Әлем белгісіздік пен болжамсыздық дәуіріне аяқ басты. Қазақстан дамудың жаңа кезеңінің табалдырығында тұр. Алдымызда күрделі, бірақ еңсеруге болатын нақты міндет тұр. Ол – сыртқы сын-қатерлер мен факторларға қарамастан, келесі деңгейге көтерілу. Қазақстанның стратегиялық жолы­­­­­ның жарасымды жалғасы бес халықтық реформаны жүзеге асыру болып табылады. Қазақстандықтар ел дамуының шешуші мақсаттарынан өздерінің мұң-мұқтаждары мен үміттерін, балалары болашағының жүзеге асқанын көретіні өте маңызды. абдильдин1Жабайхан ӘБДІЛДИН, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 26 сәуір күні біз «Қазақстан» энциклопедиясының тағы бір жаңа парағын ашып, қысылтаяң-ғалам­дық өмір ағысында жаңа жеңістерге жетелейтін, жаңа тармақтарды жазуды бастадық. Президенттік бұл сайлау – жай сайлаудан өзгеше болды. Нөлдік сөре сызығынан бастау алған жас мем­лекеттің көшін түзеген Елбасының ауқымы зор еңбегіне баға беретін тарихи күн туды. Бүкіл халық Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық табыс тасқынының жанды хронологиясын жасап жалғастырушы Көшбасшы ретінде бірауыздан қолдау білдірді. Халықтың тым жоғары деңгейде дауыс беруі мен біздің Көшбасшымыздың рекордтық дауыс пайызын жинау құбылысына барлық жерде басымдық беріле айтылды. Бұл күн – Мемлекет басшысының тарихи беделі мен ерен еңбегінің жал­пыға танылған күні емес, бүкіл Қа­зақ­стан құндылықтарының жиынтығы мен Тәуелсіздіктің жетістіктерінің жар­қын көрінісін айшықтаған күн болды. Бұл сайлауға Елбасы саяси күрестің саяси чемпионы іспетті тастүйін дайындалып келді. Мәскеу университетінің ректоры академик Садовничийдің бірде: «Әдетте, президент сайлауынан соң қоғамда жікке бөліну болып жатады, ал Қазақстан халқы керісінше, бұрынғыдан бетер қауымдасып, Мемлекет басшысының төңірегіне бұрынғыдан бетер топтаса түседі», деп айтқаны бар. Мұндай бірегейлік феноменінің сыры неде? Осы жайлы ойлана келіп, Тұңғыш Президентіміздің өз оппоненттерінің алдына оқ бойы озып шыққан сол бір 1991 жылғы сайлаудың куәгері ретінде ой сараладым: оның данышпандығы – болашағын болжап, халықтың алдына тың міндет қоя білетіндігінде, жаңа идеялар мен тағдыршешті жобалар ұсынып, оны жүзеге асыруда халыққа дем беріп, жұмылдыра алатындығында екен. Осы жылдар ішінде біз талай-талай қиындықтар мен сыртқы саяси ахуалдарға қатысты кедергілерден өттік. Біздің иығымызда ауыр міндет болды. Алайда, біз тұрақты дамудың жолына құлшынып түстік. Ешкімнен қол жайып көмек сұрамадық, өзімізге сендік, ұйымдаса отырып тиімді еңбек еттік. Елбасының мойнына аса зор міндет жүктелді – ол бүкіл ел үшін, бүкіл ха­лық үшін, тарихы мыңжылдықтар те­ре­ңіндегі жеріміз үшін жауап беретін еді. Ашығын айтайық, әлемдік тарих шежіресінде мемлекет басшылары арасында халықтың сан ғасырлық арман-мүддесін ұйыстырып ұстайтын, ерекше қабілетке ие феномендер сирек кездеседі. Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан күшті де өскелең мемлекет құрды. Біздің бабаларымыздан байлығы ­іші-сыртына сыймаған жеріміз қалып­ты, оны Президент шаруақор қожайын ретінде игере білді. Сол арқылы таңға­жайып табыстарға қол жеткіздік. Тәуел­сіз Қазақстанның экономикасы 16 есеге ұлғайды. Халықтың әл-ауқаты 15 есеге өсті, халық өздерінің экономикалық өсіп-өркендеудің есебінен жаңаша өмірге ие болғанын сезінді. Екіншіден, ол – Болашақтың қаласы – елордамыз Астананы тұрғызды. Өте қысқа мерзімнің ішінде салын­ған әсем қала шын мәнінде жап-жас рес­­­­­­­публиканың өсуі мен өркендеу көр­сет­­кішінің шынайы символына айналды. Үшіншіден, ол – қазақстандық қо­ғамда бейбітшілік пен келісім орнатып, 100-ден астам тең құқықты этнос пен 17 әртүрлі конфессияның басын біріктіріп, топтастырды. Қазақстандық патриотизм осыған негізделді. Елдің болашақ табысы мен жеңісі – азаматтарымыздың жасампаздық көңіл-күйінің демеушісі болып табылатынын дәлелдеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл халық­тың тұрақты, мызғымас, мәңгі өркен­деуші мемлекет туралы мұратты тілегін «Мәңгілік Ел» идеясында бейнеледі. Төртіншіден, ол – біздің еліміздің әлемдік қауымдастық ішінде лайықты орын алып, мойындалуына қол жеткізді. Біздің Елбасымыз – аса көрнекті мемлекет қайраткері, ол – ел мүддесі үшін аса ірі және де дамыған державалармен тиімді экономикалық байла­ныстар орната білді. Ядролық қарусыз әлемнің Көш­бас­шысы, пікірсайыс алаңдарының модераторы, интеграциялық үдерістер мен халықаралық форумдардың ұйым­дастырушысы, мемлекетаралық ке­ліспеушіліктердің медиаторы ретінде Қазақстанның қанаты қатайып, бір­тіндеп әлемдік саясатта ауыр салмақты ойыншыға айналды. Қазақстандық даму үлгісінің мә­нін ашуда оның авторы Нұрсұлтан На­зарбаевтың қағидаттарын, көзқа­растарын, сенімдері мен құндылықтарын түсіну философиялық және практикалық маңызға ие. Осылардың негізінде біздің дамуы­мыздың негізгі үш құрылымын батыл бөліп көрсетуге болады. Бірінші – «Дәстүрлер» – бұл құн­дылықтар мен салт-дәстүрдің, мәде­ниеттің, тарихи мұралардың синтезі және өмірдің біртіндеп, сабақтаса жаңғыруы. Жаңғыру – тепе-теңдікті сақтайды, тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Өмірлік дәстүрлерге арқа сүйеу біздің ғылыми-техникалық прогреске шапшаң құлаш ұруымызға жол ашады. Тұрақтылық пен тәртіп, отбасылық құндылықтар мен әлеуметтік қауіпсіздік – табысты дамудың базалық негіздері, біз – қуатты мемлекетті осы бағытта ғана құра аламыз. Екінші – «Бірлік» – бұл барлық қиындықтарды жеңетін күш. Ортақ міндеттерді шешу барысында, әркім өз өмірін жақсартады. Жұдырықтай жұмылған халықтың болашаққа сенімі зор болады. Қуатты біртұтас ұлт – кез келген тарихи жағдайда да өркендеу кепілі. Даму жолындағы мемлекетке қатыстылығыңды сезіну – әрбір қазақстандықтың, бейбітшілік пен тұрақтылыққа деген ынтымақты жауапкершілігін туын