Қоғам • 22 Қыркүйек, 2024

Өскеменде алимент төлемей жүрген әке қамауға алынды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде алимент төлемей жүрген адам екі тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде алимент төлемей жүрген әке қамауға алынды

фото Ашық дереккөз

Өскемен қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі (сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғаны, Қарағанды облысының аудандық сотының 2019 жылғы 16 шілдедегі сот бұйрығына сәйкес азамат Е. бұрынғы жұбайы Е.-нің пайдасына 2023 жылы кәмелетке толмаған баласы кәмелетке толғанға дейін ай сайын табысының барлық түрінен төрттен бір мөлшерінде алимент өндірілді.

Сот бұйрығы орындалмай отыр, алимент бойынша берешек 3 116 729 теңгені құрады.

Құқықбұзушылық жасаған кінәсі сот бұйрығының көшірмесімен, жеке сот орындаушының атқарушылық іс жүргізуімен, азамат Е.-нің берген түсініктемесімен дәлелін тапты.

Сот отырысында азамат Е. кінәсін мойындады.

Сот бұйрығы ұзақ уақыт бойы орындалмауын назарға алып, сот 2 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.