фото Polisia.kz
Қарт әкесіне күтуші жалдаған елорда тұрғыны құнды заттардың жоғалғанын аңғарған. Жатын бөлмедегі сөреден 12 сақина, бір қол сағат, екі жұп сырға және алтын алқа салынған сөмкені тауып алған әйел сол сөмкені алдымен үйдің ішіне тығып қойған. Кейін сөмкедегі алтындарды ешкім іздемегеніне көзі жеткен соң, оларды қолды қылып, өзі ештеңе болмағандай жұмысын жалғастыра берген.
Алайда үй иелері зергерлік бұйымдардың жоғалып кеткенін байқаған сәтте полиция көмегіне жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлықты 47 жастағы күтуші әйел жасағанын анықтады. Ол ұрлаған бұйымдарының барлығын ломбардқа өткізіп, 1,5 млн теңге пайда көргенін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, зергерлік бұйымдар толықтай тәркіленіп, иесіне қайтарылды.