Қоғам • 23 Қыркүйек, 2024

Атырау облысының тұрғындарына АЭС салудың маңызы туралы айтылды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары, АЭС салу жөніндегі халықтық штаб мүшелері Әлібек Нәутиев пен Сағындық Лұқпанов Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында білім саласының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының тұрғындарына АЭС салудың маңызы туралы айтылды

Фото: senate.parlam.kz

Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттар кездесу барысында қазіргі уақытта әлем экологиялық таза энергия көзіне көбірек ауысып жатқанын, оның ішінде атом энергетикасы негізгі құрамға жататынын айтып, АЭС көміртегі негізіндегі энергия көздеріне тәуелділікті азайтып, қоршаған ортаға оң әсер ететінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондымен қоса, сенаторлар атом электр стансасының экономика тұрғысында да оң әсеріне баса назар аударды.

Штаб мүшелері жиынға қатысушылардың референдум туралы сұрақтарына жауап берді және тұрғындарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.