Референдум • 25 Қыркүйек, 2024

Жетісу облысында атом энергетикасы қауіпсіздігі туралы мәселелер талқыланды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылау шеңберінде Жетісу облысында педагогикалық ұжымдармен, сондай-ақ, бірнеше аудандардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында атом энергетикасы қауіпсіздігі туралы мәселелер талқыланды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың баспасөз қызметінің мәлім етуінше, аталған кездесулерде Ғалиасқар Сарыбаев барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асыруға мүмкіндік беретін айтарлықтай энергетикалық әлеует пен ауқымды табиғи ресурстар бар екенін атап өтті.

«Атом электр стансасының іске қосылуы экономиканың өсуіне, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге және елімізге ірі инвестиция тартуға маңызды қадам болмақ. Осындай стратегиялық мәселе бойынша референдум өткізу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тиімділігін және әрбір азамат дауысының маңызын көрсетеді», деді сенатор.

Сенат

Кездесулер барысында іс-шараға қатысушылар атом энергетикасының дамуы және өңірдегі экологиялық және экономикалық жағдайға әсері туралы  сұрақтар қойып, пікірлерін бөлісті.