Шетелдік байқаушылар елімізде өткен президенттік сайлауды жоғары деңгейде өтті деп бағалап отыр. Олардың мәлімдеуінше, сайлау барысында ешқандай кемшілік кездеспеген. Бұл ойды испандық байқаушылар да құптайды.
Испания Сенатының депутаты Хосе Мария Чикильо – елімізге келген халықаралық байқаушылардың бірі. Ол алдымен президенттік сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысуға шақырту алғаны үшін алғысын жеткізді. Оның айтуынша, сайлау кезінде ешқандай заң бұзушылықтар мен кемшіліктер тіркелмеген.
«Бәрі де жоғары деңгейде өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы өзінің дауыс беру құқығын жақсы біледі. Сайлауға оларды ешкім күштеп қатыстырып жатқан жоқ. Десе де, ел азаматтарының электоратты процеске деген қызығушылығы өте жоғары. Біз таңертеңнен бастап, бірнеше сайлау учаскесін аралап көрдік. Бәрі заң аясында жұмыс істеп жатты. Мені таңқалдырғаны – сайлауға жастардың белсенді қатысуы. Бұл нені көрсетеді? Әрине, сіздердің елдеріңіздегі демократиялық үрдістердің өз деңгейінде екенін аңғартады. Жастар өздерінің болашағына бейжай қарай алмайтынына куә болдық. Олар елдің ертеңіне сенеді. Қосымша тағы қосар ойым бар. Қазақстан қазір Азия елдері ғана емес, батыс мемлекеттері үшін де үлгі. Бұл – зор жетістік», – деді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында Чикильо.
Әріптесінің бұл пікірін «Еуропаны қолдайтын демократтардың және либералдардың альянсы» парламенттік тобының төрағасы Жорди Чукла жалғастырды. Ж.Чукла да ел жастарының белсенділігіне айрықша риза болыпты.
«Дауыс берушілердің сайлаудағы белсенділігі өте жоғары болды. Әсіресе, жастардың бұл процеске аса қызығушылық танытып отырғаны қатты қуантады. Бұл демократияның бірден-бір белгісі деп білемін. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде саяси өмірге араласушы жастар қатары өте аз», – деді ол.
Испания Сенатының тағы бір депутаты Агустин Альмадобр Барсело да сайлау барысын жіті бақылауда ұстағанын айтып, әрі оның осындай деңгейде өткендігіне ризашылығын білдірді.
«Бұл – менің халықаралық байқаушы ретіндегі алғашқы тәжірибем. Және де оның осында, Қазақстанда өтіп отырғанына өте қуаныштымын. Сайлау жоғары деңгейде өтті. Қазақстанның дауыс беру жүйесі біздің елмен ұқсас екен. Бәрі де ашық, ақпаратқа қолжетімді. Сайлау учаскелері жақсы жабдықталған. Ешқандай ескертулер жоқ», – деді Агустин Альмадобр Барсело.
Мәліметтерге сүйенсек, елімізде өткен президенттік сайлауға 856 халықаралық байқаушы тіркелген екен. Олардың ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясында 36 мемлекеттен – 291, ТМД миссиясында 8 мемлекеттен – 410, Шанхай ынтымақтастық ұйымында 5 мемлекеттен – 10, үш халықаралық ұйымнан – 29 және 37 шет мемлекеттен –116 байқаушы болған. Бұдан бөлек, сайлауды байқауға 37 шет мемлекеттің аккредиттелген 168 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі де қатысыпты. Сонымен, барлығы 1024 халықаралық байқаушы мен БАҚ өкілі аккредиттеуден өткен екен. Ал байқаушылардың барлығына дерлігі сайлаудың барысын жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Ендеше, төрткүл дүние көз тіккен саяси науқан сырт көз – сыншыларынан сүрінбей өтті деуге әбден негіз бар.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15