Үкімет • 26 Қыркүйек, 2024

Экологияға пайдалы шешім қажет

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастауымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері Абай облысына келді. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен, білім беру саласының мамандарымен және коммуналдық қызметтер саласындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиындарда АЭС салуға қатысты референдумға орай экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Экологияға пайдалы шешім қажет

М.Әшімбаев өз сөзінде қазір­гі таңда бүкіл әлем климаттың өз­геруінен және экологияның на­шар­лауынан туындайтын проб­лемалармен бетпе-бет келіп отыр­ғанын атап өтті. Биыл Қазақ­станда болған су тасқыны да кли­маттың өзгеруінің бір сал­­дары екені айтылды. Бұл жағ­дай­да экологияға тигізетін сал­дар­ды азайтатын және энер­гия­­ға зиян келтірмейтін тиімді ше­шімдер қажет екені сөз болды.

Штаб мүшелері «При­речное агрофирмасы» ЖШС-нің базасында облыстағы ауылшаруашылық өнім­дерін өндірушілермен жүздесті. Бұ­ған қоса «Эйкос» ЖШС-ның кәсіп­­кер­лерімен және қыз­меткер­лері­мен, сондай-ақ ком­­мунал­дық сек­тор кәсіп­орын­дарының ұжым­дары­мен кездесулер өткізіп, көтеріл­ген мәсе­лелерді кеңінен талқыла­ды. Қатысушылар аталған проб­ле­ма­лардың маңызына назар ауда­рып, елімізде қалыптасқан экология­лық түйт­кіл­дер мен энергия тапшы­лығы­на қатыс­ты мәселені жүйелі шешу қажет екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап өткендей, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты рес­публикалық ре­ферендум өтеді. Бүгінде бүкіл әлем климаттың өзгеруіне байланыс­ты қиын­дықтарға тап болып отыр. Күн сайын ауа райы өзгеріп жатыр. Қоршаған ортаның ахуалын да бәрі­міз көріп отырмыз. Биыл Қазақстан­да болған алапат су тасқыны да – сондай өзгерістердің салдары. Мұндай жағдайда экологияға тигізетін салдарды азайтатын және энергияға зиян келтірмейтін тиімді шешімдер қажет», деді палата спикері.

Сонымен қатар кездесулер барысында экологиялық қауіпсіздік мәселесін шешу кешенді тәсілді және мүдделі тараптардың қатысуын талап ететіні аталып өтті. Өйткені бұл сала барлық маңызды бағытпен тығыз байланысты. Осы орайда ғылымға бағдарланған тәсіл­ге және қазіргі әлемдік тәжі­рибені зерделеуге ерекше назар аударған жөн. Атап айтқанда, бұл істе жаңа технологияларды зерделеу және өндіріске инновацияны енгізу қажет. Мұхтар Әуезов атындағы педагогика­лық колледжде өткен кездесуде бі­лім беру саласының өкілдері атал­ған ұстанымды қолдайты­нын білдірді.