Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2024

Маңғыстау облысында туристік қалашық салынады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Маңғыстау облысында туристік қалашық салынады

Фото: primeminister.kz

Президенттің биыл маусым айында өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында облыста туристік әлеуетті дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Атап айтқанда, Кендірлі курортты аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталып кеткен.

«Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты Президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді. Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді», деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.