Оқиға • 26 Қыркүйек, 2024

Ақтөбе облысында 320 киік мүйізі тәркіленді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында 320 киік мүйізі тәркіленді

Фото: ІІМ

Polisia.kz-тің мәлім етуінше «Қарасора» операциясы барысында «Қосбармақ» қыстауында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылған және тіркелмеген 2 аңшы мылтығы тәркіленді.

Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға өткізбек болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.