Референдум 2024 • Кеше

Бибігүл Жексенбай астаналықтарды референдумға қатысуға шақырды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АЭС салу жөніндегі халық штабының құрамындағы сенатор Бибігүл Жексенбай Астана тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Онда АЭС құрылысының тиімділігі және оның елімізге артықшылықтары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибігүл Жексенбай астаналықтарды референдумға қатысуға шақырды

Ол электр энергиясына деген сұраныс арта түскен жағдайда атом электр станциясын салу жобасы Қазақстанның тұрақты энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етудегі негізгі қадам екенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар жалпыұлттық референдум мәселесі бойынша пікірлерін жария етті және халық штабының мүшелеріне сұрақтар қойды. Сенатор атом электр станциясын салудың еліміздің болашағындағы стратегиялық маңызына тоқталды.

«Атом электр станциясының құрылысы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды жобаның бірі. Атом энергетикасының дамуымен бірге өндірістік әлеуетті де арттыра аламыз, бұл халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді», деді Бибігүл Жексенбай.

 «Эндохирургия клиникасы» ЖШС қызметкерлерімен кездесу барысында сенатор  6 қазанда өтетін референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі. Біз экономикалық жеңіске ғана емес, энергетикалық тәуелсіздікке де қол жеткіземіз, сондықтан барлық қазақстандықтардың азаматтық ұстанымын көрсетуі маңызды», деп атап өтті ол.

Сенатор сонымен қатар №84 мектеп-гимназия ұжымымен кездесу өткізіп, еліміздің энергетикалық болашағының маңыздылығын және АЭС құрылысының экономикаға әсерін талқылады. Ол қажетті ресурстарға ие Қазақстан әлемдік атом энергетикасы саласында ерекше орын алатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше