фото Ашық дереккөз
Қызметті алу үшін:
- Halyk қосымшасында авторизациядан өту
- «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Цифрлық келісімдер» қызметін таңдау
- биометриялық тексеруден өту
- өтінімді толтыру
- бейнеқоңырау кезінде нотариуспен құжатты мақұлдап, төлемді жүргізу қажет.
Цифрлық келісімдер ресми деңгейде танылады және Halyk қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде автоматты түрде шыға отырып, мемлекеттік ақпараттық жүйеде сақталады.
Қызмет тегін көрсетіледі. Банк цифрлық келісімді жасауға және алуға ешқандай комиссия алмайды. Төлемді нотариалды куәландырған үшін тек нотариустар қабылдайды.
Аталған қызметтің негізгі артықшылықтары мыналар:
- азаматтарға қолайлықты арттыру;
- жоғарғы қауіпсіздік деңгейі;
- даулы жағдайдарды болдырмау мақсатында процеске қатысушылардың іс-әрекеттері тіркеледі;
- уақыт және қаражат үнемделеді.
Сондай-ақ «цифрлық келісімді» eGov қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.