фото mo.qr-pib.kz
Семей қаласында елімізде алғаш рет радионуклидтік терапия енгізілген Ядролық медицина орталығы ашылды.
«Сүйек онкопатологиясы кезінде инновациялық 3-Д протездеу сәтті қолданылады. Жыл сайын 12 мыңнан астам пациент сәулелік терапия (томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT) алады. 2024 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-да қатерлі ісіктерден болатын өлім 3,2%-ға төмендеді» деді министр.
Сондай-ақ оның айтуынша елімізде кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия сияқты 7 бейін бойынша пациенттерге медициналық оңалту жүргізіледі. 2024 жылдан бастап қатерлі ісіктері бар пациенттерді оңалту енгізілген.
2023 жылы барлығы 208 мың пациент медициналық оңалтудан өткен.