28 Сәуір, 2015

Елбасы жеңісі – елдіктің жемісі

313 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
флэшмоб 3 *Алматы Президент сайлауына елдегі ең үлкен шаһар Алматының қосқан өзіндік үлесі бар. Осы орайда қуанышты дүбірде жүрген қала тұр­ғын­дарымен пікір бөлісіп көрдік. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Тұңғышбай әл-Тарази шынайы қуанышын жасырмай былай деді: – Елімізде жүректің түбінен шыққан нағыз таза сайлау өтті. Халықтың дәл бұлай бір мақсат жолында топтасқанын көптен бері көре алмай жүрген едім. Сайлаушылардың дауыс беруге ынты-шынтымен барғанын да байқадық. Мелдебек есімді бауырым: «Дауыс беру үшін 45 минут кезекте тұрдым», дейді. Бұған қуануымыз керек, тәубе деуіміз керек. Бұл – халықтың абыройы, елдің жеңісі! Абай ескерткіші мен Республика сарайы алдындағы алаңға лық толған мерекелік көңіл-күйдегі халыққа арнап «Арнау» тобы ән бастап, шашу шашты. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ. DSC_4600 *Ақтөбе Жеңімпаздар форумының салтанатты сәтін қысқаша кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өңірде демократиялық талаптарға сай ұйымшылдықпен және сайлаушылардың жоғары белсенділігімен өткенін тілге тиек етті. – Кәсіпорынымызда жұмысшылар әулеттері көптеп еңбек етеді. Біздің отбасының осы зауыттағы жалпы жұмыс өтілі  50 жыл болады. Біз әулетімізбен Нұрсұлтан Әбішұлын қолдап дауыс бердік. Президент Қазақстанды дамудың даңғыл жолымен алып келеді, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы  Ержан Атыраубаев ризашылығын білдіре. Жеңімпаздар форумын өңірге белгілі өнер шеберлері әнмен әдіптеп, бимен бедер­леді. Жастар ырғақты қимылдап, сахна төрі­не көтеріліп, «Елбасымен бірге – жаңа жеңіс­терге!» деп ұрандатты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Қайредин Раушанов. DSC_0116 *Көкшетау «Көкшетау» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық ұйымының мұрындық болуымен жеңімпаздар форумы өткізілді. Салтанат жиынының шымылдығы «Достар» триосының орындауындағы «Қазақ елі осындай!» әнімен ашылды. Зал патриоттық рухты асқақтатар әнге тік тұрып қосылды. Сөз Қазақстан Республикасы Президентінің сенімді өкілі болған  Серік Аяғановқа берілді. 26 сәуір күні біз Тәуелсіз Қазақстан жылна­масындағы тағдыршешті саяси маңызды таң­дауымызды жасадық, – деді ол. Мен жер­лес­терімді Нұрсұлтан Назарбаевтың сай­лау­дағы лайықты әрі біз күткен жеңісімен құт­тықтаймын. Бұл жеңіс болашағымызды, Тәуел­сіз Қазақстанның болашағын айқындайды. Бұл баршамыздың, қазақстандықтардың ортақ жеңісі. Осы орайда, ақмолалықтарға Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің басым дауысын, яғни 98 пайызға жуық дауысын бергеніне ризашылығымды білдіремін, деді ол. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». IMG_1203 *Қарағанды Еліміздегі маңызды саяси науқанның құтты аяқталуына байланысты облыс орталығында­ғы ең зәулім «Қарағанды-Арена» мұз айдынында өткен жеңімпаздар форумына қала жұрт­шылығы өкілдері көтеріңкі көңіл-күйде бас қосты. Жүздесуді облыс әкімі Нұрмұ­хам­бет Әбдібеков ашып, жиналғандарды Н.Ә.Назарбаевтың жеңісімен құттықтады. Теміртау қаласы ардагерлер қоғамының төрайымы Нина Вахитова, Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов, 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов және басқалары сөйлеген сөздерінде бұл сайлау Мемлекет басшысын халық қашанда аса қадір тұтатындығын,Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен бірліктің кепілі болып табылатындығын тағы бір паш еткенін айтты. Форумда өнерпаздар ән-күйден шашу шашып, іс-шараның сән-салтанатын асырды. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Д.Кузьмичев. IMG_1606 *Қостанай Форумда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Сапарова сайлау бірлік пен абыройдың көрінісі болғанын айтты. Мұнан кейін Елбасының саясатын Қостанай өңі­рін­де жүзеге асырушы өкілі болып саналатын облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов сөз алды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мем­­лекеттік университеті ректорының кеңес­шісі Михаил Дәуенов, Қазақстан халқы ассам­блеясының мүшесі, облыстық архив директоры Валерий Вишниченко, Н.Назарбаевтың Қостанай қалалық штабының мүшесі Евге­ний Вильямс Елбасы жеңісі – Қазақстан жеңісі, халықтың жеңісі деген лебізін біл­дірді. Халық ақыны Әсия Беркенова қуаны­шын: «Желбірейді бейбіт күннің жалауы, ынтымақтың лаулап жатыр алауы», деп бас­талатын жыр жолдарымен жеткізді. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ACD_7343 *Қызылорда Қызылордада Елбасының сенімді өкілдері, Сыр жастары бас қосқан «Тарих таңдаған, халық қолдаған» атты жеңімпаздар форумы өтті. Жиналған 2 мың адам президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа осылайша өз құрметтерін көрсетті. Іс-шарада сөз алған өңір басшысы Қырымбек Көшербаев: – Сыр жұртшылығын ортақ жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Сайлауды ұйымдастырып, оны өткізуге атсалысқан барлық азаматтарға, әсіресе жастарға, әрбір жерлеске Елбасының атынан ризашылығымды білдіріп, рахмет айтамын. Сіздер қосқан үн Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары болып жаңғыратынына кәміл сенемін, – деді. Осыдан кейін мәдени іс-шара басталды. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». фото  Рафхата  Халелова (48)-1 *Орал Кеше Орал қаласында Жеңімпаздар форумы өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Президент сайлауы күні барша қазақстандықтар өз таңдауларын жасағанын атап көрсетті. Бұл – бейбітшілік пен келісімнің және бірлік пен тұрақтылықтың таңдауы болды деді бұдан әрі облыс басшысы. Форумда  облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері атынан Орал қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ляна Тұрсынова, жастар атынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Серікболсын Жексенбаев және өзгелері құттықтады. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Рафхат Халелов. DSC_9412 *Өскемен Кеше Елбасы жеңісіне шынайы қуан­ған шығыс­қазақстандықтар облыс орталығын­дағы Абай ескерткішінің алдына жиналды. 8 мыңнан астам тұрғын бас қосқан көңілді кеш, салтанатты жиын асқақтаған ел мерейінің көрінісі іспетті болды. Мерекелік жиында сайлаудың әділ өтуіне атсалысқан облыстық және қалалық штабтардың мүшелері мен жас кәсіпкерлер, волонтерлер мерекелік көңіл-күйлерімен бөлісті. Форум соңы айтулы концертке ұласты. Шығысқазақстандық жергілікті жезтаңдай әншілермен қатар бұл кешке арнайы келген «Орда» және «Кешью» тобының мүшесі Кәмшат Жолдыбаева өскемендіктерді өнерімен тамсандырды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». DSC05456 *Павлодар Облыс орталығындағы «Астана» мұз айдыны сарайында өткен жеңімпаздар форумы кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа арналды. Зәулім биік әсем сарайға Президенттің сайлаудағы жеңісіне ақ ниет ақ көңілден тілек білдіруші металлургтер, мұнайшылар, теміржолшылар, ардагерлер, кәсіпкерлер, студент жастар жиналды. – Мен Президент сайлауына бірінші рет қатыстым. Қобалжыдым, толқыдым. Есей­­геніңді сезінесің. Елің үшін керек еке­ніңді түсі­несің. Өз дауысымды Нұрсұлтан Назар­баевқа бердім. Барлық қазақстандықтар сияқты мен де Елбасы саясатын қолдаймын, алда­ғы жақсы өмір, жақсы күндерге сенім­дімін, – деді студент Ақерке Имашхан. Жеңімпаздар форумына жиналғандар елімізде татулық пен тыныштық, бірлік туы­ның асқақтай беруіне тілектестігін білдірді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Валериий Бугаев. IMG_4017 *Петропавл Ардагерлер, жастар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестік жетекшілері, ха­лық қалаулылары, сайлау белсенділері аты­нан орталық алаңға жиналған 10 мыңға жуық адам «Президенттің жеңісі – мемлекет тұрақ­тылығының кепілі!» атты жеңімпаздар форумына қатысып, іс-шара салтанатты жағдайда өтті. Жиынды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ашып, облыс тұрғындарын саяси шараның ашық, еркін және демократия талаптарына сай өтуімен құттықтап, ел дамуының маңызды кезеңіне жол ашылғанын жеткізді. Жеңімпаздар форумында Солтүстік Қазақ­стан облысының құрметті азаматы, тыл ард­а­­­гері Құдайберген Қалиев, Петропавл ауыр ма­шина жасау зауытының бас директоры Қуа­ныш Бишімов, Қазақстан халқы Ассам­блеясы облыстық бөлімше хатшы­лығының меңге­рушісі Наиль Салимов сөйледі. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ. _MGL1774 *Тараз Кеше Тараз қаласының «Достық» алаңында өткен «Елбасы жеңісі – елдіктің жемісі!» атты жеңімпаздар форумында Мемлекет басшысы мерейін жамбылдықтар да ерекше қуанышпен атап өтті. «Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 24 жылында елімізді зор жетістікке жет­кізді. Жаңа экономика. Біртұтас қоғам. Қуатты мемлекет. Енді ал­дымызда Елбасымен бірге – жаңа жетістіктер тұр! Ұлы мақсаттар, ұлы бастамалардың арқасында ертеңгі күнімізге сенімді қадамдар жасаймыз!», деді жиында сөз алған Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. Шынында бұл жеңіс – көп ұлтты халқы­мыздың Елбасына деген ыстық ықыласы, шексіз құрметінің көрінісі. Алаңға жиналған жастар бұл күні ән салып, би билеп, Елба­сының ерен жеңісі – Қазақстанның кезекті биік белесі екенін мақтанышпен жеткізе білді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ. 1969_oko_1 *Шымкент Кеше Шымкенттегі «Наурыз» алаңында жеңімпаздар форумы өтті. Он мыңнан астам адам қатысқан айтулы шарада азаматтар қуа­ныш­тарын риясыз білдіріп, бір-бірін құттықтады. Жұртшылық алдында облыс әкімі Асқар Мырзахметов сөз алды. Өңір басшысы 1 миллион 260 мыңға жуық сайлаушылары бар Оңтүстік Қазақстандағы 1 миллион 230 мыңнан астам азаматтың саяси науқанға қатысқанына ерекше тоқталды. Бұл – 97,78 пайызды құрап отыр. Оңтүстікқазақстандықтар тек қана өзінің сол сайлауға қатысуда белсенділігі емес, ең бастысы – атқарылып жатқан саясатқа, атқарылар саясатқа берілетін бағада өздерінің әділ екендігін көрсетті. Салтанатты шарада облыстағы өнер­паздар қауымы патриоттық әндерді шырқап, Халық­тар достығына арналған сазды хорео­гра­фикалық композиция қойылды. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Қайсар Шерім.