Қазақстан • 01 Қазан, 2024

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік тереңдеп келеді – Андрей Яцкин

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының Бірінші орынбасары Андрей Яцкин Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 22-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресей  арасындағы стратегиялық әріптестік тереңдеп келеді – Андрей Яцкин

фото Сенаттың баспасөз қызметі

Шараға сенаторлар Андрей Лукин, Ольга Булавкина, Жанна Асанова, Нұрия Ниязова және Сәкен Арубаев қатысты.

Сенаторлар ресейлік әріптестерімен энергетика және көлік логистикасы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылдың келешегін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы батырларының тарихи естелігін сақтау шараларын талқылады.

Жақып Асанов өз сөзінде Ресей Қазақстан үшін ең маңызды стратегиялық әріптес және сенімді одақтас екенін атап өтті. 

«Президенттердің достық қарым-қатынасы барлық деңгейдегі байланыстардың сипатын белгілеп берді. Екі ел парламенттерінің байланыстары бойынша қарқынды үн қатысу өрістеп келеді. Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшыларының, салалық мемлекеттік органдар басшыларының кездесулері тұрақты түрде өтуде. Менің ойымша, біз өз тарапымыздан комиссияның жұмысы екі мемлекетке де барынша пайда әкелуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек»,  деді Жақып Асанов.

Ресей тарапы өз кезегінде ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуге дайын екенін білдірді. Андрей Яцкин сындарлы диалог пен бірлескен жобаларды іске асыру екіжақты қатынастарды дамытуға және Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.