Жұмыс • 01 Қазан, 2024

Елімізде 1 498 теңізші еңбек етеді

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 1 498 теңізші еңбек етеді

Фото: Көлік министрлігі

Құрық, Ақтау, Баутино порттарының үшеуі де Маңғыстау облысында орналасқан.

Бүгін Ақтау портының құрылғанына 61 жыл толды. Портқа Иран, Түрікменстан, Әзербайжан, Ресей және т.б. елдерден түрлі жүк келеді.

Баутино жүк порты жұмысын 1887 жылы бастаған.

Ал Құрық порты 2016 жылы пайдалануға берілген. Биыл мамандар порттың түбін 1,5-2 метрге дейін тереңдету жұмыстарын қолға алған. Аталған жұмыс порттағы терминалдардың өткізу қабілетін едәуір арттырады деп жоспарланып отыр.

Осы жылдың 8 айында отандық теңіз порттары арқылы 5 млн тонна жүк ауыстырылып тиелген. Негізгі тасымалданатын жүктер – мұнай, түрлі металл, астық және т.б.