Әскер • 01 Қазан, 2024

Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда депутаттар әскери қызметшілерді және олардың отбасын әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту маңызды

фото Сенаттың баспасөз қызметі

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына және әлеуметтік бейімделуіне лайықты жағдайдың болуы олардың бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да психологиялық ахуалы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Атап айтқанда, қазіргі заманғы қару-жарақпен тиімді және қауіпсіз қызмет атқаруда әскердің моральдық тұрғыда даярлығы шешуші рөл атқарады.

Отырысқа қатысушылар кейінгі уақытта Қарулы Күштер қатарында болған қоғамдық наразылық туғызған бірқатар оқиғаларды атап өтті. Сенаторлар сондай-ақ Мемлекет басшысының әскери қызметшілердің денсаулығы мен қауіпсіздігі ерекше бақылауда болуы тиіс деген тапсырмасын еске салды.

Қорғаныс министрлігінің өкілі өз кезегінде әскер өмірін жақсарту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатқаны және қызмет жағдайымен қоса лауазымдық жалақы мен ақшалай үлес кезең-кезеңмен ұлғайғаны туралы хабарлады. Алайда, әлеуметтік жеңілдіктер топтамасы әлі жетілдіруді талап етеді.

Сонымен қатар әскери қызметшілерді сапалы тамақтандыруды ұйымдастыруды қайта қарау мәселесі де көтерілді.