Саясат • 03 Қазан, 2024

Қазақстан – Ресей: Сындарлы диалог әріптестікті нығайтады

57 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Ресей Федерациясы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин Қазақстан Парламенті Сенаты мен Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 22-отырысын өткізді.

Қазақстан – Ресей: Сындарлы диалог әріптестікті нығайтады

Сурет: tengrinews.kz

Іс-шараға сенаторлар Ан­дрей Лукин, Оль­га Булав­кина, Жанна Асанова, Нұрия Ниязова және Сәкен Арубаев қатысты. Олар ресейлік әріп­тестерімен энергетика және көлік логистикасы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылдың келе­шегін, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы батырларының тарихи естелігін сақтау шараларын талқылады.

Жақып Асанов өз сөзінде Ресей Қазақстан үшін ең маңызды стратегиялық әріптес әрі сенімді одақтас екенін атап өтті. Оның ай­туынша, екі ел арасын­да мемлекетаралық байла­ныстың барлық саласын қамтитын жоғары деңгей­дегі тұрақты саяси диалог қалыптасты. Екі елдің мемлекет басшыларының сапарлары стратегиялық әріп­тестікті тереңдетуге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.

«Президенттердің дос­тық және сенімді қарым-қатынасы барлық деңгейдегі байланыстың сипатын бел­гілеп берді. Екі ел пар­ла­менттерінің байланыстары бойынша қарқынды үн қатысу өрістеп келеді. Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшыларының, са­лалық мемлекеттік органдар басшыларының кездесулері тұрақты түрде өтіп жатыр. Менің ойымша, біз өз тарапымыздан комиссияның жұмысы екі мемлекетке де барынша пайда әкелуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», деді Ж.Асанов.

Ресей тарапы өз кезегінде ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуге дайын екенін білдірді. Андрей Яц­кин сындарлы диалог пен бірлескен жобаларды іске асыру екіжақты қарым-қаты­настарды дамытуға және Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріп­тестікті тереңдетуге ық­пал ететінін атап өтті.