Ауа райы • 03 Қазан, 2024

Екпінді жел соғып, өрт қаупі жоғары болады: Бүгінгі ауа райы болжамы

144 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екпінді жел соғып, өрт қаупі жоғары болады: Бүгінгі ауа райы болжамы

Фото: anatili.kazgazeta.kz

Болжамға сәйкес, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының екпінді жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

«Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Ал Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады», деп ескертті синоптиктер.

Мамандардың болжамына сәйкес, Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.