Мәдениет • Бүгін, 12:38

«Астана Опера» Шымкентте өнер көрсетті

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық труппа «Гала Опера» атты концерттік бағдарламаны тарту етті. Бұл кештің басты ерекшелігі - опера жанрына енді аяқ басқан өнерпаздармен қатар бекзада өнердің биігінде жүрген әртістер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана Опера» Шымкентте өнер көрсетті

Аталған концертте «Қыз Жібек» операсындағы Шегенің ариясы, «Біржан - Сара» айтысынан үзінді, Чайковский, Вивалди секілді әлемдік композиторлардың шабытқа толы шығармалары орындалды. Сондай-ақ флейта мен скрипкаға арналған сырлы музыкаға да кезек берілді. 

«Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитдин ұжымның алдағы жоспарын бөлісті.

«Кез келген ұжым үшін гастрольдік сапар маңызды және қажет іс-шара деп ойлаймын. Біріншіден, бұл өз өнерін көрсету. Екіншіден, тәжірибе алмасу. Мысалы, алдағы желтоқсан айында жергілікті театр Пуччинидің Тюссан операсын қоймақ. Біздің бас хормейстеріміз, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов осы опера хақында шеберлік сағатын өткізді», дейді ол.