Президент • 03 Қазан, 2024

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрін қабылдады

Фото: Ақорда

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өзі қатысқан Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.

Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025