Табиғат • 04 Қазан, 2024

Қауырсындары - сұп-сұр: Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаракөл көліне ұшқан алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген. Блогер неліктен кадрларда қоқиқаз қауырсындары қызғылт емес, сұр екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қауырсындары - сұп-сұр: Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

Lada.kz жазғандай, Қаракөл көлінің тұрақты тұрғындары – қызғылт қоқиқаздар бүгін, 3 қазанда видеоға түсірілген.

Бейне авторы, жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, құстардың келу күні таңқаларлық емес. Ол құстардың қыркүйек айының ортасында ұшып келіп, қараша айының соңына дейін болатынын атап өтті.

«Екінші рет олар дәстүрлі түрде наурыз айының басында екінші рет ұшып келіп,мамыр айының ортасына дейін осында болады, - деді Азамат.

Желі қолданушылары қызғылт қоқиқаздың қауырсындары ерекше және сұр түсті болып көрінгеніне таң қалды.

«Сұр – бұл қоқиқаздың нағыз түсі, олар туылған кезде осы түске ие болады және біртіндеп тамақтанудың арқасында (белгілі бір пигменттері бар балдырлар мен шаян тәрізділермен қоректенеді) олар есейген сайын таныс қызғылт және қызыл түстерге айналады», - деп түсіндірді блогер.