Экономика • 04 Қазан, 2024

Мемлекет қолдау көрсетеді

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қазаннан бастап ішкі сауда субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну басталады. Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен осы мақсатта 4 млрд теңге бөлінбек.

Мемлекет қолдау көрсетеді

Сауда және интеграция министрлігінің хабар­лауын­­­ша, мемлекеттік қолдау шаралары 2 тәсіл арқы­лы көрсетіледі. Біріншіcі – несие мөлшерлемесін субсидиялау, екіншісі – несиеге кепіл болу. Қолдау сауда базарларын жаңғырту, сауда нысанын салу, кеңейту, реконструкциялау, үй жанынан дүкен салу әрі осы салаларда IT-бағдарламаларды жасау бағытына көр­сетіледі.

Бағдарламаға 3 мегаполистегі сауда субъектілері мен ойын-сауық орталықтары қатыса алмайды.

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтің айтуынша, қолдау алған ішкі сауда субъектісі сау­да сөресінің 20 пайызын отандық азық-түлік өндірушілердің үлесіне беруі керек. Ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30 пайызы отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50 пайызға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20 пайызын шетелдік азық-түлік өндірушілерінің үлесіне беруі қажет.

Бағдарлама шартына сәйкес сауда нысандарына қатысты жобаларын облыс орта­лық­та­рында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерге берілетін максималды сома – 3 млрд теңге. Жо­баны моноқалада немесе ауылдық елді мекендерде жүзеге асырушыларға берілетін максималды сома – 1,5 млрд теңге. Инвестициялық мақсатқа арналған жобаларды субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру мақсатында субсидиялау мерзімі 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды.