Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Қазақстандықтар 6 қазан күні сайлау учаскелерінде уақытша тіркеуге тұра алады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Референдум өтетін күні тұрғылықты жері жоқ азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қызмет көрсетеді. Олар сайлау учаскесінің мекен-жайы бойынша тіркеле алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар 6 қазан күні сайлау учаскелерінде уақытша тіркеуге тұра алады
 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл күні 10 мыңнан астам сайлау учаскесінің  196-сында халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жұмыс істейді.

Олар тұрғылықты жері  жоқ азаматтарды сайлау учаскесінің орналасқан мекені бойынша тіркейді. Бұл шешім барлық қазақстандықтардың конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін қабылданды.

Референдум өтетін күні ХҚО қызметкерлері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінде отырып, азаматтарды бір тәулікке тіркеуді қамтамасыз етеді. Тіркелмеген азамат мектепке, колледжге немесе ауруханаға дауыс беру үшін барса, ол тікелей осы мекемеге тіркеледі. 7 қазанда тіркеу автоматты түрде жойылады және өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша қайта тіркелуі керек.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелген қазақстандықтар референдум күні халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеле алмайды, өйткені олар тұрғылықты мекені бойынша дауыс беруі керек.