Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Бірнеше жылдан бері «Asar-ume» қайырымдылық қорының еріктісі ретінде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп жүрген ақтөбелік азамат Әнуар Сандыбаев референдумға алғашқылардың бірі болып қатысып № 90 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Таңертең ерте келіп, дауыс бергім келді. Күнімнің алғашқы сәтін ел үшін маңызды оқиғамен бастағым келді. Дауыс беруге құқығы бар әрбір адам келіп, өз таңдауын жасауы керек деп санаймын», деп атап өтті Әнуар Сандыбаев.
Айта кетсек, бүгін облыста жол жүру ақысы тегін автобустар таңғы 6:00-ден бастап қатынап жүр.