Қыздар сайлау учаскелеріне тәж киіп, лентасын тағып келді. Олар референдумның маңыздылығын атап өтіп, ұстанымын білдіру азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі екенін айтты.
«Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Жас буын өкілі ретінде еліміздің болашағына қатысуымыз керек деп ойлаймын. Референдум қоғамды жақсылыққа ұмтылуда біріктіретін маңызды оқиғаға айналды», деді Сәбина Ыдырысова №295 учаскеде дауыс бергеннен кейін.
Ал келесі аруымыз Эльдана Әлмұханова әлемді аралап, сұлулық байқауларына қатысқан кезде түрлі елдердің мәселені қалай шешетінін көзбен көргенін, қазір болашағымызға әсер етуге мүмкіндік бар екенін айтты.
«Референдум – азаматтық борышымызды көрсетудің мүмкіндігі. Біз сұлулық байқауларына қатысушылар ретінде елдегі барлық азаматтың өмірін жақсартуға және Қазақстанның болашағына оң өзгерістер енгізуге ықпал ететін бастамаларды қолдаймыз», деп санайды Эльдана Сауранбаева.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Қала басшысы Ерболат Досаев зайыбымен бірге №388 мектеп-лицейіндегі дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Алматы тұрғындары өз учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.