Кәмилә Қасымова Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында орналасқан № 511 сайлау учаскесіне барды.
«Бүгін - ел үшін тарихи күн. Мен аға буын өкілі ретінде референдумға қатысып, өз дауысымды беруді шештім. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды қадам», деді кейуана.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі № 388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.
Алматы