Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024

Азаматтық ұстаным көрінісі

42 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматылықтардың референдумдағы белсенділігі таңертең­нен басталды. Алғашқылардың бірі болып қала әкімі Ерболат Досаев пен оның зайыбы дауыс берді. Олар № 48 мектеп-лицейдегі № 388 дауыс беру учаскесіне келді.

Азаматтық ұстаным көрінісі

Референдумды аты аңызға ай­налған опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова да қолдады. № 559 дауыс беру учаскесінің өкілдері оның тұрғылықты жеріне бюллетеньдер қорабын әкелді. Халық әртісі бұл оқиғаның маңызын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

«Мұндай шешімдер мұқият ойлауды талап етеді, өйткені бұл қазіргі жағдайға ғана емес, ұрпағымыздың болашағына да әсер етеді. Мен мемлекет үшін маңызды мәселеде өз даусымды бергенімді мақтан тұтамын», деді Бибігүл Ахметқызы.

Мегаполисте алғашқылардың бірі болып өзінің таңдау құқығын қоғам қайраткері Асылы Осман да пайдаланып, Алматы му­зыкалық колледжінің №64 учаскесінде дауыс берді.

Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының бокс­тан қола жүлдегері Назым Қы­­зайбай да референдумға қатыс­ты. Атақты спортшы өзі­нің азаматтық міндетін алғаш­қылардың бірі болып орындады.

Кино және театр актрисасы, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова да рефе­рендум­ға қатысты. Әртіс №77 орта мектептегі №414 дауыс беру учаске­сінде дауыс берді.

«Әрқайсымыз осындай іс-шараларға қатысуымыз керек. Өйткені олар балаларымыз­дың болашағына әсер етеді. Референ­дум өз пікірін білдіріп, өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді», деді Қ.Сүлейменова.

Алматыда референдумға 50 жылдығын тойлайтын жұп қа­тысты. Алтын тойын атап өтіп жат­қан Нұрғали Қанаев пен Орынша Берденова Жетісу ауда­нындағы №349 учаскеде өз құқығын пайдаланды. Мерей­той иелері не­мерелерінің бола­шағын елдің жан-жақты тұрақтылығымен байланыстырады.

Дауыс беруге Екінші дүние­жүзілік соғысының ардагерлері де қатысты. Олардың арасында ғасыр жасаған майдангер, II дәре­желі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері және «Жауын­герлік ерлігі үшін» медалінің иегері Виктор Изю­мников те бар. Виктор Кар­повичтің айтуын­ша, азаматтық ұстанымның жөні бөлек.

«Мен жүз жасқа толдым, өз өмірімде көп нәрсе бастан ке­шірдім. Әрине, жастардың тағдырына немқұрайды қара­май­мын, сондықтан да мен барлығынан ре­ферендумға қа­тысып, өзінің азаматтық жауап­­кершілігін көрсетуге шақы­ра­­мын», дейді ардагер.

 

АЛМАТЫ