Ауа райы • 08 Қазан, 2024

Синоптиктер өрт қаупі жоғары өңірлерді атады

74 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандары 8 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер өрт қаупі жоғары өңірлерді атады

Фото: scoutingmagazine.org

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

«Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Абай облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар», дейді метеорологтар.

Болжамға сәйкес, Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте де төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.