Фото: Polisia.kz
Күдіктілер ішімдікке бейім тұрғындардың пәтерлерін заңсыз иемденген. Тінту жұмыстары барысында жедел уәкілдер жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттарын, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ, заттай айғақтарды тәркілеген.
Polisia.kz-тің жазуынша, жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 60 млн теңгеден асады. Полицияға жеткізілген 4 күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тергеу жұмыстары аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүзеге асырылады.