Фото: ашық дереккөз
Қазақ эстрадасында «Жас жұбайлар», «Аман бол», «Оқ сияқты», «Нұрлы арман», «Айтшы жаным», «Сендей болмайды», «Сүйгеніме» сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды.
Суыт хабарды оқырманға композитор Бекжігіт Сердәлі естіртті.
«Бақұл бол, бауырым... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз", деп жазды ол.