Қоғам • 10 Қазан, 2024

Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандардың үкімі өзгермейді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы сот судьялары Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандардың үкімі өзгермейді

Фото: Александр Вильф

Астанада мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың кассациялық шағымы қаралды.

Сот отырысында Құдайбергенов пен Қиясовтың мүддесін қорғаған адвокат Самат Сағиданов екеуін де ақтауды сұрады.

«Судьялар істі кассациялық қарауға беруден бас тартты», делінген сот қаулысында.

Жоғарғы сот сотталғандардың үкімін өзгеріссіз қалдырды.