Фото: Аlmaty.tv
Алматының Медеу ауданында тұратын 1958 жылы туған зейнеткер әйел масаң күйде күйеуіне керосин шашып, от тұтатқан. Ауруханаға жеткізілген ер адам бүгін таңертең қайтыс болған.
«Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр», деді ПД-нің өкілі.