Қоғам • 13 Қазан, 2024

Павлодарда жоғалып кеткен тұрғын өлі күйінде табылды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір айдан астам уақыт бұрын жұмыстан шығып, жоғалып кеткен павлодарлық өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жоғалып кеткен тұрғын өлі күйінде табылды

Бұл туралы VITA Павлодар іздеу жасағының еріктілері әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Іздеушілердің айтуынша, жоғалған 26 жастағы Александр Фоминнің денесі Усолка шағын ауданындағы қала тұрғындары күн сайын серуендейтін қайың тоғайдың жанынан табылған.

«Ол жерде күн сайын жүздеген адам серуендейді, байкерлер жүреді, жақында тіпті жарыстар да өтті. Оны көруге болатын еді. Бұл өте өкінішті... Біз оны ұзақ уақыт бойы таба алмадық, әртүрлі жолмен жұмыс жасап көрдік, жақында біз тағы да жоспарланған аумақты іздеуге шықтық. Топтарға бөлініп, отырғызылған ағаштардың жанынан өтіп бара жатып, мен бір дақты көріп қалдым, оның үстінде жолақтар болды, жақындап қарасақ, ол Александр болып шықты», деді «VITA Павлодар қаласының іздеушілерінің» басшысы Екатерина Кудрявцева.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған павлодарлықтың өлі табылғанын растады.

«Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.