Қоғам • 14 Қазан, 2024

Елдегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Елдегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

Фото: Көлік министрлігі

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1 мың 316 метрді құрайтын екі жолақты көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Айта кетсек, бұл – Қазақстандағы ең ұзын көпір. Арнайы құрылғылар аталған көпірдегі деформация, діріл (вибрация), жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және зор жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Аталған екі жолақты көпір ШҚО-ның Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан, Алтай аудандары арасында көліктердің жыл бойы үздіксіз жүруі үшін қажет.